ENRC корпорациясы көмек қорына 300 миллион аудармақ

Жаңаөзенде жанжалдан жапа шеккен бұқараға тұтас ел көмек қолын созып жатыр. Мысалы, бүгін Павлодардағы ENRC корпорациясы көмек қорына 300 млн. теңге қаржы аудармақ болып шешті. «Атамекен Одағы» Ұлттық палатасы да арнайы есеп-шот ашып, ақша жинаймыз деп мәлімдеді бүгін.

Ол ақшалар жалпы зардап шеккен халыққа көмекке және оқиға кезінде оңбай бүлінген ғимараттарды жөндеуге жұмсалмақ. Сонымен қатар, жер-жерлерде Жаңаөзен оқиғасына түрлі ұжымдар, жастар, қарапайым жұмыскерлер де өз пікірлерін білдіріп, сабырға шақырып отыр.

1 миллиард, 900 миллион теңге. Бұл қаржы Жаңаөзенге жеткізілді деп хабарлады бүгін Қаржы министрлігі. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі қосымша 500 миллион теңге бөлді, Жаңаөзендегі ағайынның азық-түлігі үшін. Жанжал кезінде зардап шеккен бұқара тарығып қалмас үшін. «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы да, азаматтары опат болған отбасыларға көңіл айтып, көмек қаржы аударатынын білдірді бүгін.

Сондай-ақ, Үкіметтік комиссияға ілесіп, жағдайды тұрақтандыруға септесуге ниетті. Жиналған қаржыны «Атамекеннің» Маңғыстаудағы өкілдігі аясындағы арнайы комиссия бөлмек. Әрине, әкімдік жанындағы «қоғамдық штабпен» ақылдаса отырып.

«Ақсу ферроқортпа зауыты» - бұл. «Мұнайшылар емес металлургтер ұжымы. Жанжалдан жазықсыз жандар жапа шекпесе екен», - дейді құрыш білек жұмыскерлер. Сабырға шақырады!

Төлеубек Әйтенов, электродшы:

Біздің егеменді елімізде барлығы болып жатқан жағдайда бұндай жақсылықта өзіміздің шырқымызды бұзғысы келген, артында жұмсап тұрған біреу бар деп ойлаймыз. Бірақ біз оған жол бермейміз!.

Еркін Шабанбаев, балқытушы:

Өте ауыр нәрсе деп ойлаймын. Елімізге, халқымызға жүрегіммен айтатыным сабырлылық болуы керек.

Ал Тараздың жастары: «Жаңаөзенді қалпына келтіру ісіне бір адамдай жұмылайық», - деп үндеу тастады. «Болар іс болған екен, енді оның салдарын бірге жөнге келтірейік», - дейді Жамбылдың өрендері. Өйткені ел -біртұтас.

Әділет Мұсабай, студент:

Ойланайық, қандай іс-әрекетке барып жатқанымызды ойланайық. Қандай жағдай жасап жатқанымызды ойланайық. Ол нәрселерді өртеуі бізге үлкен шығын, әлеуметтік тұрғыдан, рухани тұрғыдан болсын да, ол жерде өсіп өнетін де, сол жердің атын шығаратын да сол жердің жастары.

Жаңаөзен жанжалы ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ. Тұтас елді де, өңірдің өзін де. Ақтау жастары да аймақтағы жұртты сабырға шақырып жиын өткізді бүгін.

Кәмшат Құрақова, студент:

Бір атаның бір ананың балалары, бір бірінің жаның қимай, қаның төкпей бір ымыраға келсе деген ниетім мен тілегім бар.

Айдана Шамиянова, студент:

Сабырлылық сақтап, барлық мәселені бейбіт жолмен шешу керек. Қантөгіс деген сөз, ол ел үшін жақсы зат емес. Елдің бірлігі, елдің бірге істескен тірлігі ғана, елімізді алға алып барады.

Елдің ертеңгі иелері, бүгінгі жастар пікірі осындай. Негізгі мүдде – ұйыған елдің шаңырағын шайқалтпау.

22 декабря 2011, 9:14
568

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895