Елбасы Маңғыстау облысында жиын өткізді

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Облыстық мәслихат депутаттарымен, облыс активімен, жұмысшылармен кездесіп, Маңғыстау облысына әкім етіп, Бауыржан Мұхамеджановты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығына Ләззат Қиыновты, ал «ҚазМұнайГаздың» «Барлау-Өндіру» еншілес компаниясының басшысы етіп, Алик Айдарбаевты тағайындатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Елбасы өңірде болған келеңсіздіктердің зардабын жою үшін барлық шаралар жасалатынын айтты.

Мемлекет басшысы әуежайдан тура Маңғыстау облысының әкімшілігіне жол тартты. Алдымен мәслиқат депутаттарына өзінің шешімін айтып, облыс әкімі лауазымына кімді тағайындау жөніне жергілікті халық қалаулыларының келісімін алды. Сосын, облыс активімен кездесті. Мән жайды толық тарқатып айтып, өзінің шешімдерін жария етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл мәселе мұнай өндірісін басқарып жүрген азаматтардың жұмысшылармен әңгімелеспегенінің, мәселені шешпегенінің кесірі. Заңды бұзғандар да болды ішінде. Заңды бұзған аспаннан келген адам емес, өзіміздің қазақ қой. «Әрқайсысымен сөйлесіп, тыңдап, шешетінін шешіп, жұмысын байқап, қандай жұмыс істеп жатыр. Барлығымен келісіп жатырмыз. Келмей-ақ қойыңыз жазғы, күзгі телімге де осыменен өткізеді», - деп аяғында жаппай тәртіпсіздік болып, басбұзарлық жасап, жоқ жерден адамдар мұнайдан айрылды.

Мемлекет басшысы болған оқиға түгелдей тексерілетінін, бүлікті ұйымдастырушылардың, оны жүзеге асырушылардың кім екені түгел анықталып, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елдің ырқын кетірмеу үшін, халықтың тыныштығын сақтау үшін мен мынандай әрекеттер қолдандым. Төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізу үшін барлық нәрсені жасадық. 5 күннен бері тыныш болып жатыр. Енді қазір не істеуіміз керек? Ең бірінші Бас прокуратураның хабарлауы бойынша сондағы мәселенің барлығы егжей-тегжейлі тексерілетін болады. Жариялы түрде, ашық түрде. Ешкім ешкімге бір-біріне оқ ату туралы приказ берген жоқ. Мына жағында мына жағыда тексереміз. Оның үстіне қоғамдық комиссияның мүшелері бар. Бәрі анық болады.

Президент жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі қызметіне Бауыржан Мұхамеджанов, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы лауазымына Ләззат Қиыновты, ал «ҚазМұнайГаз»-дың «Барлау-Өндіру» еншілес компаниясының басшысы қызметіне Алик Айдарбаев тағайындалды. Болар іс болды, енді зардап шеккендерге көмек көрсетіп, жұмысшылардың талаптары мен уәждерінің байыбына бару керек. Еңбек дауларының барлығы заң аясында шешілуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Енді негізгі мәселе мұнайшылардың мәселесіне келетін болсақ. Бұл жерде ең бірінші ол жұмыс орны солай ғой. «ҚазМұнайГаз»-дың жанында да бір мекеме құрылатын болады бұрғылау жеке, Жетібай модераторы болады жеке оған шетелдіктерді тартып ең жоғарғы дәрежелі өндіріс жасайтын орын жасаймыз. Сол өндіріске барлық жұмыскерлерді жұмысқа аламыз. Бұрынғы жалақысын сақтап. Алдымен бір жыл құрылыста істейтін болады жалақысын алып, құрылысты біткеннен кейін бұрғылаушы бұрғылауға, оператор операторына барады өз жұмысын істейді. Өзенде де дәл солай болады. Сондай мекеме құрылады. Құрылысын салғанша құрылыста істейді, құрылысын салғаннан кейін ары қарай жұмысын жалғастырады. Соттың заңыменен 1800 адам жұмыстан босатылған. Оның 537-сі сотқа шақырылған. Оның ішінде шынында да кейбіреулері демалып жатқанда жұмыстан шығарылған. Кінәсі жоқ. Заңды 15-20 адамды қайтадан жұмысқа алды. Басқалары 2-3 айдан жұмысқа шықпаған ол еңбек шарты бойынша да Қазақстанның еңбек заңы бойыншада ешқандай миға симайды. Соттың шығарған заңын менің де бұзатын құқым жоқ. Сондықтан ол мәселеге біз тапсырма береміз. Әр істі қарап шықсын. Қылмысы қандай? Рас па, жоқ па, өтірік па бәрін? Бәрі хабардар болады. Бір адамда қалмайды. Егер заңсыз бірдеңе жасалған болса ол оңбайды. Ендігі мәселе бұзақыларды табуымыз қажет. Бұл жерде мұнайшылар қиналған бар шығар, ал басбұзарларды мен аямаймын.

Сондай-ақ, Президент «ҚазМұнайГаз»-дың алып өндірістік бөлімшелерінің бөлек отау құруы қажеттігін де айрықша атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өзен юридический лицо жасап қолында бірдемесі болатын болсын құры әшейін филиал болып қалмай. 10 мың, 8мың адам жұмыс істейтін мекеме филиал болама? Ештемесі жоқ. Қалай ол жұмыс істеуде?Кім оны солай жасады?

Жиналғандардың бірнеше мәрте ду қол шапалағымен Президент сөзін бөлуіне тура келді. Бұл әрбір шешімді жергілікті жұрттың қолдайтынын танытса керек. Облыс азаматтары елдің ойын он саққа бөлген қиын сәттерде, президенттің шұғыл шешімдер қабылдап, жағдайды дереу тұрақтандырғанына, Маңғыстауға арнайы келіп, осындай қиын қыстау сәтте халықпен бірге болғанына ризашылықтарын білдірісті.

Табылды Әміров, Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты:

Сіздің айтқан әр тапсырмаңыз бәрімізге де байланысты сондықтан жаңа айтылған елдің бірлігі мен тірлігі үшін бәріміз атсалысып, команда жасаймыз деп сізді сендіреміз.

Өмірзақ Озғанбаев, Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Маңғыстауға келеді деген сенімде болдық. Осында келген кезде елінің ортасынан табылып, елге басу айтып, ренішін қабылдап, бүгінгі басқосудың орны бөлек, ерекше.

Президент өзі үнемі айтатын елдің тыныштығы, тұрақтылығы мәселесі қай, қашанда өзектілігін кемітпегенін, біздің бірлігімізге сырт көз сынай, ел іші қобалжумен, үміттене көз тіккен қазіргі сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың айрықша маңыздылығына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақта атамыздан сөз қалғанг ба? Абайдың айтып кеткені: «Біріңді қазақ, бірің дос болмаса істің бәрі бос», - деп. «Бөрі қайда деме, бөрік астында, жау қайда деме, жар басында» деген қазақтың мақалы бар. «Іштен шыққан жау жаман» деген де бар. Сондықтан осы дана сөздерді еске ала отырып біз қазіргі жағдайда топтасып өздіріңіздің пікірлеріңізді айтып сөйтіп отырсыздар. Отанымыз біреу жеріміз кең болса да халқымыз аз, байлығымыз бар, болашағымыз жарқын жастарымыздың бақытты болуына барлық мүмкіншілік жасалып отыр. Қазақстан тұрған халықтардың бірлігі керек. Халықтардың тыныштығы керек. Тыныштығы жоқ елге ақшада бармайды, адамда бармайды, өнідірсте болмайды. Ешкім бармайды.

Жаңаөзендегі жағдаймен танысу үшін Мемлекет басшысы Ақтаудан тура Жаңаөзенге сапар шекті.

23 декабря 2011, 9:38
888

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895