Президент «ескі де жаңа» Үкіметке қатаң тапсырмалар берді

Көптен бері тек мадаққа еті үйренген қазақтың үкіметін бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев біраз терлетті. Мәсімов бастаған министрлер мен әкімдерді тізіп қойып, олқы істерді көзге шұқып көрсетті. Мысалы, «пайдасы жоқ жиындар мен халықаралық шараларды шектеңдер» деді Елбасы. Бұл - бекер мал шашу! Экономика өскен сайын, бөлінсе де уақытылы жұмсалмай қалған қаржының да көлемі көбейген. 2011 жылы он үш пайызға артып, 224 миллиард тенге жұмсалмаған. Бұл да көне де жаңа өкімет басты назарда ұстауы тиіс мәселе! Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауынан кейін үкіметте үлкен жиын өткізді, көп дүниені ашық айтты, көп тапсырма жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев жиынды ескертуден бастады. «Қайырсыз қонақ» - дағдарыс қайтар жолда тағы бір мәрте соғуы мүмкін. Қамсыз отырмау керек. Өкімет өзі түзген жоспарға сай қимылдауы тиіс. Осылай» деді де Президент тапсырмалар тізгінін ағытты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Экономиканың өсімін сақтап, дағдарыспен арпалыс үшін макроэкономикалық ахуалды мықтау керек. Сыртқы әсер - біздің саудадағы серіктеріміздің валютасының құнын қашыруы мүмкін. Ұлттық банк бұл ахуалды сараптап, теңгенің оңтайлы курсын қамтамасыз етуі тиіс. Қаржы секторын дағдарысқа қарсы әзірлеу абзал.
Президент Назарбаев бюджет шығындарын тағы бір мәрте пысықтауды тапсырды. Қаржы министрлігіне қамсыз отырмай барлық шығынды шұғыл есептеу жүктелді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біріншіден, шығыны көп, пайдасы жоқ шараларға бөлінер ақшаны шамалау керек. Экономика сәл-пәл жақсарып еді, қаптаған мерейтойлар мен даурықпа конференциялар қаптап кетті. Қазірдің өзінде министрліктер мен әкімдіктер осындай үш мыңнан аса шараны жоспарлап қойыпты. Доғару керек!
Салық жүйесінде де ақау көп. Қазынадағы қаржы көбейген сайын бастапқыда бөлініп, бірақ жұмсалмай қалған ақша да көбейген. Былтыр оның көлемі 224 миллиард теңгеге жетті. Көлеңкеде жатып семіретін «жалған кәсіпкерлік» атты қансорғыш қоян жылы 35 пайызға көбейіпті. 1081 дерек. «Салық пен кеден органдары өздерінің ақпараттық жүйесендегі сараптау саласын мықтауы тиіс» деді мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мысалы, салық жүйесі салық төлеушінің корпоративті салығын, әлеуметтік салығын және қосымша құн салығын басқа органдардың экономикалық көрсеткіштерімен салыстыруы тиіс, сонда сәйкессіздік шыға келеді. Бұл жерде бірақ бизнеске кесірі тимеуі тиіс.
Мемлекеттің басшысы мемлекеттік «сатып алу» жүйесін де қайта қарау қажет деді. Бұл жерде де күмән-күдік шаш етектен. Бейнелей айтқанда, бір тенгенің дүниесін іздеп жүріп он теңгеден алатын мемлекеттік мекемелер бар. Яғни өзін-өзі саналы түрде тонайды! Президенттің есебінше, егер мемлекеттік мекемелер тұтынатын тауар мен қызметтің құны 20 пайыз ғана арзандаса, 500 миллиард теңгені үнемдеуге болады. Міне, ақша қайда жатыр қобырап!
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сондықтан мемлекеттік сатып алудың бірегей үйлестірушісі мәселесін ойластыру қажет. Онда қызмет пен тауардың құны туралы ақпараттық жүйе болуы тиіс. Сондай-ақ «мемлекеттік сатып алулар» туралы Заңды өзгертіп, толықтыру керек. Әкімдіктер мен министрліктердің құзырындағы мекемелерге мемлекеттік сатып алу ісінде артықшылық беретін баптар шектелгені абзал.
Президент әкімдер мен министрлерге азық-түлік құны мен тарифтердің негізсіз қымбаттауына жол бермеуді қадап тапсырды. Және инвестиция тарту үшін күшті сарқа жұмыс істеңдер деді. Өйткені өкімет, я министрлер мен әкімдер қолдағы барды малданып, қосымша пайда көздерін іздеуден қалды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Менің тапсырмам бойынша « Миттал Стил» өзінің өндірісін жаңа бағытқа бұрып, елдің батысында құбыр зауытын салды. Оның өнімдерін яғни құбырларын халықаралық нарықта талап әкетеді. Ал біздің ұлттық компаниялар алмайды? Неге? Ақмола облысындағы көлік құрастыратын «КамАЗ инжиниринг» көліктердің санын 3-4 есе көбейте алады, тек мемлекеттік сектор мен ұлттық компаниялардан сұраныс жоқ! Шет елден сатып алғанша өзімізден алыңдар!
2011 жылы жеңілөнеркәсіп пен дәрі-дәрмек өндірісі шабандаған. Оның себебі мен салдары туралы нақты сараптама біреуіңнің де қазір қолыңда жоқ деп сөкті үкімет мүшелерін Президент. Ал индустрализация картасы бойынша жүзеге асқан жобалардың 60 пайызы тек ауыл шарушалығы мен құрылыс индустриясына тиесілі. Ірі-ірі 31 жобаның тек 5-уі ғана дайын өнім шығарады! Бұл да бір кем дүние! Президент қазына қаржысы аямай бөлініп жатқан ауыл шаруашылығы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, медицина секілді салалардағы олқылықтарды да оңдырмай түйреп өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біріншіден, біз денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қатысты мәселені нақтылаумыз керек. Өткен жылдары 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы бойынша салынуы тиіс 103 нысанның 58-і ғана салынды. 201і жылғы Жолдауымда мен қосымша 350 аурухана мен амбулатория салуды тапсырдым. Бірақ 7 нысанның шығынын ғана қолдадыңдар. Кім маған түсінікті жауап бере алады, неге бұлай? Премьер-министр анық-қанығына жетіп, баяндасын!
Президент көп дүниені айтты, ескертті. Үкіметке «айдағандарың бес ешкі бола тұра, ысқырықтарың жер жарады» дегенді ашық меңзеді. Берілген тапсырманың қағаз бетінде қаңқа болып қалатынын да сынады, сондықтан әр міндетке жауапты министрлер мен әкімдер жеке өзіме есеп береді деп қадап айтты Президент.
Соңынан әңгіменің ауаны сәл жұмсарды. Көп дүние тындырылғаны рас. Нақты жоспар да жоқ емес. Бірақ қатал әңгіме қамшылап қою үшін қажет деді Президент. Өйткені өкімет Парламент пен Президент һәм тұтас қазақтың елі артқан сенімді ақтауы тиіс.
27 января 2012, 23:28
560

Комментарии

Познавательно, но не убедительно. Чего-то не хватает, а чего не пойму. Но, скажу прямо: – светлые и доброжелательные мысли.
рингтон Coal - Post Scriptum

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895