«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асырылады

Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы елдің алдағы 5 жылдағы даму бағытын айқындап берді. Елбасы он бағыт бойынша атқарылатын қадау-қадау міндеттерді атап-атап көрсетті. Оның ішінде ең бастысы әрі негізгісі халықты жұмыспен қамту. Биыл «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері іске қосылады деді Елбасы. Президент Үкіметке «Қолжетімді баспана» бағдарламасын 1 шілдеге дейін бекітуді нықтап тапсырды. Алдағы 5 жылдағы маңызды міндеттердің бірі өңірлерді дамыту. Шағын қалалардың дамуы жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының пайда болуына, әлеуметтік сала мен бизнестің дамуына септігін тигізеді.

Жастарды әуелі оқытып, кейін жұмысқа орналастыру, өз кәсібін ашқысы келетіндерге арзан несие арқылы қолдау көрсету, экономикалық әлеуеті төмен аймақтарда тұратын азаматтарды экономикасы белсенді орталықтарға жұмысқа жұмылдыру. Жұмыссыздықты жою - осы үш бағыт арқылы жүзеге аспақ.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бұл Жолдауда елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары көрсетілген. Біздің ең негізгі бағытымыз әлеуметтік модернизация болып табылады. Сондықтан біз осы Жолдауда айтылған мәселелерді бірлесіп абыроймен атқарып, табысты даму жолын одан әрі жалғастыратын боламыз.
Қазақстандықтар үшін бас ауруына айналған баспана мәселесі де бұйырса шешімін табады. Президент Үкіметке осы жылдың 1 шілдесіне дейін «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасын түзеу міндетін жүктеді. Жалға берілетін тұрғын үй алаңын жыл сайын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет делінді Жолдауда.
Ибраһим Ағытаев, Қостанай қаласының тұрғыны:
Жылма-жыл Жолдау бойынша жаңа міндеттемелер қабылдаймыз. Сол Жолдауда айтылған мәселелер орындалып жатыр жылда. Жастар жөнінде, олардың әлеуметтік, рухани мұқтаждығын шешу жөнінде біраз мәселелер айтылды. Зейнетақы, әлеуметтік сала мамандарының жалақысы жоғары қазір. Сондай-ақ жұмыссыздық, баспана мәселесі де бірте-бірте шешілуде.
Қуатты Қазақстан дегеніміз - бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Тұрмыс-тіршілігі бір ғана ірі кәсіпорынға тәуелді қалашықтарды дамыту жөнінде Үкіметпен жеке бағдарлама бекітіледі. Бұл енді Жаңаөзендегі жағдайдан алған сабақ.
Мұрат Мұхамедов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жаңаөзендегі жағдай елді дүрліктіріп тастады. Осыған байланысты Елбасы шағын қалаларды дамытуды тапсырды. Сол шағын қалалар аясында барлық жергілікті мәселелер шешімін табуы тиіс меніңше.
Елбасы Жолдауы – ел қамы. Онда айтылған міндеттер іспен дәлелденіп, қазақ елі жолдаудан жолдауға жаңарып жатыр.
 
27 января 2012, 23:29
1743

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895