Сапасыз өнімге сан соғып қалмайық

Бүгінде сапасыз өнімге тап болып, сан соғып қалатындар жетерлік. Алайда көп жағдайда тұтынушы өз құқын даулап, кінәліні іздеп жатпайды. Болған жайды жылы жаба салуды жеңіл көреді. Содан да болар, дүкен сөрелерінде талапқа сай келмейтін өнім азаймай тұр. Өткен жылы Семейде техникалық реттеу және метрология бөлімі тексерген тұтыну тауарларының 80 пайызы талап үддесінен шықпаған. Сараптамаға ілікпей саудаланып кеткені қаншама. Сондықтан мамандар күмәнді өнімдердің жолын кесу үшін жұртшылықты жұмыла күресуге шақыруда.

Сапасыз зат алып, артынан саусағын тістеп қалғандардың бірі - семейлік зейнеткер Альбина Чумачек. Қаладағы дүкендердің бірінен сатып алған төсек-орын жабдығы сапасыз болып шыққан.
Альбина Чумачек, қала тұрғыны:
Жақында төсек-орын жабдығын сатып алған едім, 15 күн өтпей жатып-ақ материалы тесіліп, өзінен-өзі жыртыла бастады. Мен оны дүкенге қайта апардым. 15 күннен соң апарып бердім, не ақшамды бермеді. Сатып алғанымда чек те бермеді.
Альбина Чумачек тауар иесімен біраз дауласып, дүкенге талай рет келген. Тиісті орындарға шағымданатындығын айтып, шығынды өтеуді талап етті. Сөйтіп өз құқығын қорғай білген зейнеткер ақшасын 2 аптадан соң қайтарып алды. Мұндай жағдайға әркім тап болып жатады. «Алайда шығынды талап етіп, шағымданатындар аз» дейді мамандар.
Рақыш Шумаев, техникалық реттеу және метрология департаменті бөлімшесінің бастығы:
Сапасыз затты сатып алған тұтынушының өз ақшасын кері қайтарып алуына 100 пайыз құқығы бар. Бұл заңда көрсетілген. Сонымен бірге тұтынушылардың құқын қорғау туралы заңда сатып алушыға моральдық өтемақы төлеу және оның басқа да шығындарын жабу туралы да қарастырылған. Алайда адамдар өздерінің заңды құқықтарын білмейді.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіші мен түрлі улы заттарды анықтауға арналған 7 зертхана жұмыс істейді. Онда жоспарлы тексерулермен қатар, тұтынушылар шағымына орай алынған өнімдерге сараптама жасалады. Былтыр Семейдегі сауда нүктелерінен Ресейде шығатын тамақ өнімдерінің арасынан адам ағзасына қауіптілері анықталды. Қытайдан әкелінген денсаулыққа зиянды ойыншықтар да саудадан алынған.
Рақыш Шумаев, техникалық реттеу және метрология департаменті бөлімшесінің бастығы:
2011 жылы біз тексерген азық-түлік немесе жеңіл өнеркәсіп тауарлары, электрлік заттардың 80 пайызынан астамынан талаптарға сәйкессіздікті анықтадық. Жанар-жағар майға қатысты шағымдар көп. Сонымен бірге азық-түлік сапасына байланысты да арыздар бар. Сапасы мемлекеттік бақылау мен арнайы талаптарға сай келмейтін және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес болмай жататын жайттар көп.
«Сапасыз өніммен күресті жандандыру үшін тұтынушы тарапынан да белсенділік керек» дейді мамандар. Әзірге бұл жағы ақсаңқырап тұр. Өткен бір жылдың ішінде Семейде тиісті органдарға өнім сапасына қатысты 12 адам ғана шағым түсірген. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылған. Ал биыл қалалық сотқа жыл басынан бері 7 адам арызданған. Оның 2-еуі бойынша шешім шағымданушының пайдасына шешілген, қалғаны қаралып жатыр.
6 февраля 2012, 22:33
591

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895