Ірі теміржол бағыттары салынуда

Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:

Биылғы Жолдаудың жезқазғандықтар үшін де жөні бөлек. Себебі, «Жезқазан-Бейнеу» және «Шұбаркөл-Арқалық» темір жолдарының салынуы аймақтың дамуына серпін бермек. Кейінгі жылдары көп айтылғанмен, нақты шешімін таппай келген осы жобалардың Жолдауда нақтылануы жергілікті тұрғындарды қуантып отыр.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жүктің 59 процентін, жолаушылардың 46 процентін тасымалдайды. Теміржолдың әлеуетін осыдан-ақ көруге болады. Мамандар теміржол салынса Жезқазған-Сексеуіл аралығында кемі мың жарым адам, ал Жезқазған станциясының өз басында 3 жарым мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтады.
Мақсұтқажы Шәкен, «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы Қарағанды жол бөлімшесі директорының орынбасары:
Ақтау менен Жезқазғаннның ортасын қосуына байланысты, Бейнеумен екеуін қосуына байланысты қаншама уақытты қысқартады. Бұрын егер мынау Қытайдан шыққан жүк мынау біздің Ақтау порты арқылы өтетін болса, ол 50 күн жүретін болса бұл уақытта ол 16-ақ күн жүретін болады.
Жезқазған-Бейнеу теміржолы салынса, ел экономикасымен бірге аймақтарға да соны серпін бермек. Кейінде кен қоры азайып, жергілікті тұрғындардың үмітінен күдігі ұлғайды. Сондықтан Жезқазған-Бейнеу теміржолын салу жөнінде сөз болса, өңірде елеңдемейтін адам аз.
Сұлтан Сүтбаев, ҚР кен барлау ісінің үздігі:
Президентіміз біздің Жезқазған регионына, Жезқазған қаласы, Сәтбаев қаласы, Ұлытау өңіріне жақсы үлкен мән беріп, көңілін бөліп отыр. Оның жаңағы өзінің халыққа деген Жолдауында көріп отырмыз.
Көбейсін Еңсебаев, ҚР құрметті журналисі:
Осы мәселе, күрделі мәселе Жезқазғаннның, Ұлытау аймағының дамуына бірден-бір қажетті күретамырлар - жаңағы жолдар салынса оған халық қуанбағанда қайтеді. Сонны, сол мәселені енді Президент Жолдауында, Президенттің өз аузынан естуі халқымызды қуантты.
Дүйсенбай Ахметов, Жезқазған қаласының құрметті азаматы:
Бұл халыққа көп көмегі бар, экономикалық пайдасы бар, жақсы. Халықтың қамын ойлаған кісінің істеп отырған әрекеті ғой бұл.
Жезқазғанды теміржол арқылы Арқалықпен, Бейнеумен қосу жобаларының Президент Жолдауына өзек болуы, кеншілер қаласының болашақта ірі транзиттік орталық қана емес, түрлі инвестициялар тартылатын әлеуетті шаһарға айналатынын көрсетеді. Мысалы, көрші Украина мен Белорусия мемлекеттері осы транзиттен ғана 30 процент пайда көріп отыр екен. Теміржолмен қоса алдағы бірер жыл көлемінде Қызылорда-Жезқазған тас жолы да толық асфальтталмақ.
15 февраля 2012, 16:46
1541

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895