Ислам бірлігі конференциясы өтті

Исламның атын жамылып, мұсылман мемлекеттерінің арасына араздық шоғын салуды көздейтін елдер енді дініміздің әр мазхабқа, сан ағымға бөлінгенін пайдаланып, саяси мақсаттарын іске асыруға кірісті. Барша мұсылман елі осыған аса сақ болуы тиіс. Тегеранда өткен Ислам бірлігі конференциясында ел Президенті Махмұд Ахмадинежад осылай деп ескертті.
Ислам дамуындағы күнгей-көлеңкелі мәселелер сараланған маңызды мәслихатта саясаттанушылар Қазақстандағы дін мен бірлік жағдайына да баға берді.  Қазақ жеріндегі тұрақтылық пен тыныштықты төрт тарапқа үлгі етті. Алқалы басқосуға Астанадан да арнайы делегация аттанған болатын. 
Иран - сыртқы саясатта сыр алдырмас сырттан саналатын, Азиядағы аса ықпалды һәм өзгенің ығына жығылуды жаны сүймейтін, шариғатқа бекем діни мемлекет. Президенті Ахмадинежад болғанымен, бар билік елдің рухани көсемі Аятолла Хаменеидің қолында. 75 млн. халқы бар, оның 93 пайызы - шииттер.
Тегеранға жер жүзінің 70 елінен Исламның кәусарына қаныққан имам-ишандар келді. Саясаттанушылар да жүр арасында. Көптің көкейін тесетіні - Исламның қазіргі жәй-күйі. Тарам-тармаққа таралған ағымдар ол бөлек, мәзхабқа бөлінгендердің де мәз емес жағдайы. Мұрнына исламның иісі бармайтын кей елдердің хақ дінді қаралап, мұсылмандарды мәзхаб арқылы бір-біріне қарсы қою саясатын қынжыла айтты елдің Президенті.
Махмұд Ахмадинежад, Иран Ислам Республикасының Президенті:
Америка мен Израиль шектен шығып барады. Олардың бар мақсаты - сүттей ұйыған Ислам елдерін бір-біріне айдап салып, араларына жік салу. Ливияның жағдайы анау. Сирияның халі мынау. Мәртебелі 4 мәзхабты ұстанатын бауырларыма айтарым, олардан іргені аулақ салыңыздар. Сүннет пен шейіт деп бөлінгенмен де біз бір құдайдың құлымыз. Дін көп болғанмен, ең маңыздысы - татулық.
Қазір төрткүл дүние үшін татулық ең басты құндылыққа айналды. Бұл ретте өзгені өзектен теппей, өзім деп бауырына басқан Қазақ мемлекетінің бағытын Иранға келген діндарлар қызу қолдап отыр. Осы мәслихаттың аясында Астанадан қазақ делегациясын бастап барған Парламент Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов пен Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Ирандағы атақты дінтанушы ғалымдарды Қазақстанға шақырды мамыр айында өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-ші съезіне.
Мұхаммед Багер Хормашад, Иранның мәдениет және ислам байланыстары ұйымының төрағасы:
Әлемнің кейбір елдерінде азаматтық соғыстар, билік пен бұқараның қақтығысы болып жатқанда мен Қазақстанға қатты қызығамын. Сіздер достықты ең бірінші орынға қоясыздар, сол үшін пейілдеріңізге қарай елдеріңізде береке-бірлік орнаған. Дін лидерлерінің жиынан өткізу - ұтымды ойластырылған шара. Мен сіздерді қолдаймын.
Сондай-ақ, Төлеген Мұхамеджанов пен Қайрат Лама Шариф Ислам білімін зерттеу институтының президенті Сейед Хаменеимен, Ислам мәзхабтарын жақындастыру Ассамблеясының бас хатшысы Аятолла Тасхиримен кездесті, съездің мәртебелі мейманы болуға шақырды.
Аятолла Мұхаммед Әли Тасхири, Ислам мәзхабтарын жақындастыру Бүкіләлемдік ассамблеясының бас хатшысы:
Менің атымнан қазақ халқына, мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа мың дұғай сәлем жолдаңыз. Қазақ елін мен татулықтың алтын бесігі деп есептеймін. Сіздің елге баруға ықыласым зор. Сондай маңызды съезд өткізу арқылы сіздердің әлем алдында абыройыларыңыз күн санап артып барады.
Иран мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнады. Содан бері екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыс жоғары деңгейде дамып келеді. Бұған Тегеранда өткен Ислам бірлігі конференциясы да дәлел.
Иран құпия күн кешіп жатыр бүгінде. Әсіресе, азуын батырғысы бар АҚШ пен Еуропаның қысымынан кейін ресми Тегеран сауысқаннан сақ. Шетелдік тілшілерді тіптен аттап та бастырмайды. Әр журналист ақша төлеуге міндетті. Қош, Астанадан келген қазақ делегациясын парсы тарапы ізетпен қарсы алып, ілтипатпен шығарып салды.
13 февраля 2012, 22:48
712

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895