Қиырдағы қандастар Астанаға бұйымтайын жеткізді

Қазақ азат болғалы, Ираннан 500-ден астам отбасы Отанға оралып, қазық қақты. Ата жұртқа ат басын бұрғандардың басым бөлігі  - сонау 1929-1931 жылдардағы ашаршылық кезінде Маңғыстау жерінен жаяу-жалпылап, Түркіменстан арқылы Иранға қоныстанған қандастардың ұрпағы. Бүгінде парсы жерінде әлі 5 мыңнан аса қазақ өмір кешіп жатыр.
Иран дамыған ел болғандықтан, ондағы қандастардың хал-ахуалы, тұрмыс-тіршіліктері жақсы. Дегенмен, олар ұрпақтарының болашағына алаңдайды. Өйткені, парсыландыру саясатының салдарынан әрі қазақы мәдени орталықтың жоқтығынан, бүгінде көп жас дінін ұмытпағанмен, тілін ұмытып, сақауланып барады.
Жаппарбай Жаппар - Иеден елінің есендігін тілеген қиырдағы көп қазақтың бірі. Иранда туылды, белі буылды. Бірақ, жұлқынған жүрек пен өрекпіген көңіл шіркін, қазақ десе, елеңдейтінін, «елім» дейтінін қайтерсіз...
Жаппарбай Шатқам, Иран қазағы:
Сыртта жүрген бар қазақтың Қазақстан тірегі ғой. Сағынбайтын адам жоқ, бәріміз де сағынамыз. Иранда отырып, жағымды жаңалықтарға қуанамыз, өкінішті жағдайлар болса, өкінеміз.
Жаппарбай - мемлекеттік қызметкер. Екі баланың әкесі. «Жас келген сайын келешектеріне алаңдаймын» дейді әке. Себебі, Иранда барлық бала парсы тілінде білім алуға мәжбүр. Құрсақтан қазақша сайрап туылған бөбек 7 жасқа дейін сол елдің тілін үйреніп, сол тілде сөйлеуге міндетті. Қазақ мәдени орталығын ашуға да Иран билігі илікпей отыр.
Жаппарбай Шатқам, Иран қазағы:
Иранның ата заңы шеңберінде ұрпағымыз тілін, салт-дәстүрін ұмытпасын деп мәдени орталық ашсақ деп тиісті органдарға тапсырғанбыз. Бірақ қаншама жылдан бері созылып келе жатыр. Нәтиже болмай жатыр.
Айша Ескелді, Иран қазағы:
Үйде қазақшасы жақсы. Бірақ, мектепке барғанда парсыша сөйлеуге мәжбүр. Мектепте қазақша араластыратын көрінеді. Мұғалімдері неше рет мені шақырды. Қызыңмен үйде парсыша сөйлес, қазақша сөйлеспе дейді.
Бабалары ықылымда Иранға көшіп, осында туылған тағы бір қазақ – Айша Ескелді. Тегерандағы мемлекеттік радионың дикторы. Фатима, Зухра есімді қос қыздың анасы. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпына бекем жеңешемізді де қыздарының болашағы толғандырады.
Ирандағы 5 мыңнан аса қазақтың басым бөлігі Гүлстан провинциясының орталығы Горган қаласында, Бендер-Түркімен, Күмбет, Мәшхад шаһарларында тұрады. Бәрінің қашықтағы қазақ мемлекетіне ықыластары зор.
Айша Ескелді, Иран қазағы:
Қазақстанда өкінішті жағдай болса, өкінеміз. Жағымды жаңалықтар болса, қуанамыз, Қазағым дамып жатыр деп. Иранда тұрғанмен жүрегіміз, ойымыз бәрі қазақ жеріне бұрып тұрады.
Қиырдағы қандастардың тұрмыстары да, жұмыстары да жайлы. Ресми Астанаға бұйымтайларын жеткізді Тегераннан қазақтың мәдени орталығын ашуға ұйытқы болса деп.
1978 жылғы Ислам төңкерісіне дейін Иранның мұнайы Америкамен бөлісті. Елді діни тұрғыда аздырды деп айыпталған Шах тақтан тайдырылған соң, осындағы қазақ ақсақалдары жаңа билікке қолқа салады. Қазақ мәдени орталығын ашсақ, ұрпағымызға тіл үйретсек деп. Бірақ, саяси сипат алып кетуі мүмкін деп қауіптенген Аятолла билігі ақсақалдарға «жоқ» дейді. Бұл үрей бүгінгі билікте де бар.
16 февраля 2012, 22:09
491

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895