Лондон Жоғарғы соты Әбіләзовты кінәлі деп тапты

Лондонның жоғары соты Мұхтар Әблязовты 22 айға түрмеге жабу туралы шешім қабылдады. Экс-банкирге сотты сыйламады деген айып тағылды. Ал, еліміздің прокуратура органдары БТА банктің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істерді әлі тергеп жатыр. Бұған дейін Сот БТА банкінің ақшасын ұрлау дерегіне қатысты қозғалған 3 бірдей қылмыстық іске үкім шығарып қойды. 18 адам айыпталғанын естеріңізге сала кетелік. 42 эпизодпен 22 тұлғаға қатысты өткен жылдың наурыз айында қозғалған қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.
Лондон сотының үкімі күні кеше шықты. Енді Мұхтар Әблязов ағылшын түрмесінің дәмін татпақ.  22 ай, я болмаса бір жыл он айға қамау туралы қаулыны Судья Найджел Тиер қабылдаған. Сотты сыйламағаны үшін, қаржылық активтері мен құнды қағаздарын шығарған «Бубрис» компаниясының иесі екенін айтпағаны үшін, Англиядағы дүние-мүлкін жасырғаны үшін. Бұл алыстағы Англяда болып жатқан іс, ал қазақ тергеушілерінің экс-банкирге таққан айыптары шаш-етектен. Сот том-том істі қарап жатыр.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресим өкілі:
Арнайы прокурордың басшылығымен БТА банкінен Әбілязовпен және оның қылмыстық тобының мүшелерімен 5 млрд. доллардан астам ұрлау фактісімен қозғалған 46 қылмыстық іс тергелуде. Олардың ішінде шетел инвестицияларын тарту мақсатында банк капиталы жасанды толтырылып, кейіннен Әбілязовпен ұрланған факті бойынша да қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Әблязов ісінің төркіні тым тереңде жатыр. Қазақтың құзырлы органдары іс қозғап, экс-банкирге халықаралық іздеу жариялағалы үшінші жыл кетті. Ал, тоналып, тоқырап қалған БТА банк 2009 жылы мемлекеттің қарауына өтті. Банктің бізден тыс, Ресей, Украина, қырғыз еліндегі кейбір басшылары қылмыстық жауапқа тартылды.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресим өкілі:
Азаматтық істер аясында банк пен сотқа  Әбілязов  өтірік айтып,  БТА банкінен шығарылған  активтерді сатуға талпынып жатқандығы анықталды. Мұндай  әрекеттер ағылшын заңнамасына сай қылмыс деп танылады және сотқа құрметтемеушілік көрсеткендік білдіріледі.
БТА банкі Лондонның Жоғарғы сотында талап қою жұмыстарын жалғастырып жатыр дейді прокуратураның ресми өкілі. Әбілязовқа және банктің бұрынғы басшылары Солодченко мен Жарымбетовке жиыны 5 млрд. АҚШ долларына байланысты 8 талап қойылып отыр.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресим өкілі:
Өткен жылдың қазан айының аяғында Лондонның Жоғары соты мен сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін Әблязовтың сыбайласы Пол Кифриотис 21 айға түрмеге қамауға сотталған, дәл осындай негіздермен Әблязовтың қайын інісі және көмекшісі С. Шалабаев та сотталған. Оған 18 ай тағайындалған.
БТА банкі Лондон сотына Мұхтар Әблязовтың британиядағы төрт үлкен үй-жайының меншік иесіне қатысты да ақпаратты ашып көрсетпеді деп шағымданған. Лондон Жоғарғы соты Әбілязовты кінәлі деп тапты.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі:
Атап айтқанда: 1) соттан «Бубрис» компаниясының  иесі болып табылатынын жасырғаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды; 2) «Карлтон Хауз» үйінің, қала шетіндегі «Оуклэндс Парк» үйінің және Лондондағы Альбертс Корт 17-гі пәтердің иесі болып табылатын ақпаратты жасырғаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды; 3) Сот бұйрығын бұзып, «Стантис» («Stantis») компаниясынан талап құқығын қайта табыстағаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Аталған түрмеге қамаудың үш мерзімі қатарласып орындалады, яғни Әблязовқа түпкілікті түрде 22 айға түрмеге қамау тағайындалды, сотпен оны қамауға ордер берілді.
Зиябек Қабылдинов , «Халық келісімі» қоғамдық қорының директоры:
Мына кейбір мәліметтерге қарағанда, Әблязов мырза 10 млрд.доллардай біздің мемлекеттен, БТА банктен алып кеткен, шет елге  шығарған. Біздің ойымызша, бүкіл қарапайым қазақстандықтардың атынан айтқанда, осы бүкіл дүние, ақша Қазақстанға оралып келу керек, біріншіден. Екіншіден, біздің бүкіл халықтың игілігіне әгіні жарату керек.
Халық пікірі:
Бұл - әділеттілік. Әрине, біздің елден жалтарып, сонау Англияға барып баспана іздеп, Үкіметтің, халықтың да ақшасын алып, өзінің активіне, өзінің қарамағына жинап алып, шетелде тығылып жатқан Әблязов мырза деп айтып жатырмыз ғой. Бұл қашаннан бері айтылып келе жатыр. Соттың үкімін дұрыс деп санаймын.
Мұхтар Әблязовтың ісі Лондон сотының тарихындағы ең ұзаққа созылған процесс болып отыр. Күрделі әрі қиын істі негізгі тыңдау биыл, осы жылдың аяғында өтпек. Одан соңғы шешімді де ести жатарсыздар.
17 февраля 2012, 21:59
418

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895