Әбілязов 22 айға түрмеге кесілді

Елден қашқан қалталы қазақтардың қорған-тұрағына айналған ағылшын астанасынан хабар келді кеше. Мұхтар Әбілязов 22 ай түрмеге кесілді. Бұндай шешімді Лондонның жоғары соты қабылдапты. Судья Найджел Тиер экс-банкирді «сотты сыйламады» деп айыптап, абақтыға жабуды ұйғарған. «Сотты сыйламады»  деген ағылшынның айыбы - істің бер жағы ғана. Қазақтың құзырлы органдарының Әбілязовқа таққан айыбын  естісең,  жағаңды ұстайсың. 10 миллиард долларды жымқырған мықты болып тұр Мұхтар мырза! Қазақтың экс-қаржыгері, қазіргі қашқыны Мұхтар Әблязовтың соңғы соты Лондондағы мына ғимараттың ішінде өтті. Бірақ сот отырысына айыпкердің өзі қатысқан жоқ. Ал судья Найджел Тиер сотты сыйламағаны үшін Мұхтар мырзаны 22 ай түрмеге кесіп, оның төлқұжатын тәркілеген. Экс-банкирге саяси баспана берген елдегі бұл жаза біздің билік айыптаған қашқынды елге қайтаруға әсерін тигізе алады ма? Кесіп айту қиын.
Александр Огай, ҚР Бас прокуратурасы департамент бастығының орынбасары:
Бұл өте қиын мәселе. Лондонның Әбілязовты жазалауы, түрмеге кесуі оны өз қорғанысынан автоматты түрде айрырады және оны Қазақстанға қайтаруға сеп болады деп кесіп  айтуға болмайды. Бірақ бұл бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз. Және біз түбінде Британия билігі оны біздің қолымызға тапсырады деп үміттенеміз.
Мұхтар Әбілязовқа Лондон соты неге шамданды? Бұған дейін сол сот Әбілязовке тиесілі, бірақ түбі шикі, күмәнді активтерді өз шешімімен бұғаулап тастаған екен. Ал экс-банкир сол бұғау туралы бұйырықты елемеген, ескергісі келмеген. Енді үш бірдей айып тағылып, сот шешімі шықты. Ол қандай айыптар? 1-ші айып: «Бубрис» компаниясының иесі екенін жасырған. 2-ші айып: «Карлтон Хауз» пен «Оуклэндс Парк» үйлерін және Альбертс Корт 17-дегі пәтердің иесі екенін жасырған. 3-ші айып: сот бұйрығын бұзып, «Stantis» компаниясынан талап құқығын қайта табыстаған. Соттың соңғы шешімі - 22 ай, қазақша айтқанда - 1 жыл, 10 айға түрмеге жабу.
Артур Ластаев, ҚР Бас прокуратурасы 1-ші департаментінің арнайы прокуроры:
Тергеу органдары Әбілязовқа Қылмыстық кодекстің 176-шы,193-ші 235-ші баптары бойынша айып тақты. Бұл жерде ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін айыпталып отыр. Өйткені Әбілязовтың бір өзі банктің осынша активін жымқырып кете алмас еді. Сондықтан ол қылмыстық топты ұйымдастырды, басқарды және мүше болғаны үшін айыпты. Сондай-ақ прокуратура органдары осынша мол қаржының қалай, қандай жолмен жымқырылғанын сараптады. 10 миллиард АҚШ доллары әңгіме болып отыр.
10 миллиард доллардың қалай ұрланғанын тергеушілер таңды-таңға ұрып баяндайды. Ал Мұхтар мырза қазақ жерінде де түрме дәмін ептеп татқан жігіт. 2002-2003 жылдар аралығында бір жылдай отырып шықты. «Жаздым, жаңылдым, түзелдім» деп қапастан әрең шыққанын да жұрт ұмыта қойған жоқ.
Халық пікірі:
Біздің мемлекетке байлығымызды, біраз ақшаларын алып кетті ғой. Соларын егер шын мәнінде солай болған болса, оны қайтару керек. Оның бәрі салық төлеушілердің ақшасы ғой, ол обал болады. Ол өмірден былай заңдылықпен жазасын алмаса, Алла тағала оның жазасын береді.  
Қазақтың құзырлы органдары Мұхтар Әбілязовке жиыны он миллиард АҚШ долларын жымқырып кетті деген айып тағып отыр. Қолға түсе қалса, барлық мал-мүлкі тәркіленіп, ең зоры он екі жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін.
18 февраля 2012, 22:04
514

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895