Үкімет үйінде су тасқыны мәселесі сөз болды

 

   

Наурыз айының басында еліміздің көптеген аймақтарында күн жылып артынша күрт суытады деген болжам бар. Осының салдарынан Оңтүстік, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте бүгін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, еріген қардан еліміздегі Іле, Сырдария, Арыс, Жайық, Шаған, Қаратал мен Тобыл сияқты өзендердің су деңгейі көтерілуі ықтимал. Министр осы жиында оңтүстік өңірдегі жер үйлердің құрылысын сынға алды. Іргетасы төмен, саман кірпіштен салынған үйлердің қабырғасы суда езіліп, қирап жатыр. Тілсіз жау жер үйлерден бөлек, ауылдардағы мекемелерге де қауіп төндіріп тұр.

Әлем ғалымдары «жұмыр жерді жаһандық жылынудан қалай құтқарамыз» деп әбігерге түсіп жатқанда, қазақ даласын қалың қар басты. Әдетте қысы жайлы оңтүстік өңірдің өзі биыл қақап тұр. Қардан аққан су аймақтағы су тоспаларын толтырып тастады. Бір ғана Көксарай су тоспасына биыл 2 млрд. 200 млн. текше метр су жиналыпты. «Егер тоспа болмағанда бұл судың бәрі мұз үстімен ағып, аймақтағы бірнеше елді мекендерді басып қалатын еді» дейді Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко. Үкіметтің селекторлық кеңесінде баяндама жасаған министр елдің басқа аймақтарында да су басу қаупі бар екенін айтты. Еріген қардан осы көктемде еліміздегі Іле, Сырдария, Арыс, Жайық, Шаған және Қаратал мен Тобыл сияқты өзендердің су деңгейі көтерілуі ықтимал.

ВЛАДИМИР БОЖКО, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Ресей аймақтарына биыл сондай көп қар түскен жоқ. Сондықтан Ресейден келетін судан айтарлықтай қауіптенбейміз. Алайда, аймақтың Атырау облысымен шекаралас өңіріне биыл қар былтырғыдан үш есеге көп түсті. Көктемде ол қар ерісе, 11-12 млн. куб су ағады. Негізі, биыл еліміздің көптеген аймақтарына қалың қар түсті. Су тасқынының алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі барынша дайындық жүргізіп жатыр. Қажетті жұмыстар барлық аймақтар бойынша қолға алынған.

Иә, өткен жылғы су тасқындарынан кейін төтенше жағдайлар министрлігі биыл жұмысын алдын-ала жоспарлайтын болды. Су басып қалу қауіпі бар елді мекендерде құтқару жұмыстары осы күнде жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Техниканың сан алуан түрі тартылды. Сағасынан асады деген өзендердің үстінде тікұшақтар да күні-түні бақылап жүр. Су бөгеттерін тұрғызу үшін 2,5 мыңға жуық адам тартылды. Алайда су - тілсіз жау. Талай ауылды басып қалып жатыр. Солардың бірі - оңтүстіктегі Темірлан ауылы. Мұнда соңғы су тасқыны осыдан төрт жыл бұрын ғана болған еді. Сол кезде Қапланбековтердің баспанасын су шайып кеткен. «Қара шаңырақты қайта тұрғызып болдым ба» деп отырғанда тілсіз жау тағы келді. Дүние-мүлік, жиған-терген түгел суға кетті. Арналар мен арықтардан аққан су Ордабасы ауданындағы 300-ге тарта үйді басып қалды. 60-қа жуық үй құлағалы тұр. Министр Божко осы ретте елді мекендергі үйлердің бәрі саман кірпіштен салынған дейді. Іргетасы да төмен.

Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері агенттігімен бірлесіп ауылдарда салынатын үйлердің құрылысын қадағалауымыз керек. Өйткені, бұл өңірдегі үйлер тек топан суға ғана емес, жер сілкінісіне де төзімді болуы керек. Ал саман кірпіштен үй салуды тоқтату керек.

Саман кірпіш дейміз ау, кейбір ауылдарда құрылысы енді аяқталған мемлекеттік мекемелер де суға төтеп бере алмай тұр. Бадам ауылында өткен айда ғана пайдалануға берілген аурухананың жертөлесі көл-дария болып жатыр.Бар гәп құрылыс кезінде кеткен қателіктен. Ауруханада емделіп жатқан 20 науқас аудан орталығына ауыстырылды. Ал апаттан баспанасыз қалғандарға мектеп-интернаттарда жатын жай әзірленген. Үй-күйсіз қалғандарға ыстық тамақ та беріліп жатыр.

Мархаббат Қосдәулетова, Темірлан ауылының тұрғыны:
Ел-жұрт көріп жатқан қиындығымызды бөілісіп көмектесіп жатыр. Ас-ауқаттан кемдік көріп жатқан жоқпыз. Алып жатырмыз.

Шоқан Кенжеев, Ордабасы ауданының әкімі:
Ендігі жердегі әрекетіміз су қайта келген кезде соған соған төтеп беру. Өйткені, тау беткейлеріндегі қарлар еріп біткен жоқ.

Темірландағы төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері қирған үйлер мен қора-жайларды көріп шығып, бүлінген дүние-мүліктің құнын есептеуге кірісті. Ал төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған топ шұғыл кеңес өткізіп, ендігі болатын қауіптің алдын алу жайын ақылдасты.

Валерий Петров, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:
Кешеден бері әлі де тасқын қаупі бар бес ауданды аралап шықтық. Тасқын қайталануы мүмкін. Өйткені, жазықтықтарда 5-15 сантиметр қалыңдықта қар бар. Сондықтан да оңтүстікте күшті топтарымызды шоғырландырып отырмыз.

Синоптиктердің де болжамы қуантарлық емес. Наурыздың бірінші жартысында еліміз бойынша күн едәуір жылиды екен. Алайда 15-інен кейін күн күрт суытып, тағы қар жауу мүмкін.

25 февраля 2012, 21:48
1522

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895