«Нұр Отан» ХДП фракциясында бюджет туралы заң қаралды

«Нұр Отан» партиясының Парламенттегі фракциясы бюджетке Үкімет  ұсынған өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Қазынадан қосымша  бөлінетін қаржы  Президенттің биылғы Жолдауында қойылған міндеттерді   іске асыруға бағытталған. Елдің ең басты қаржылық құжаты бүгін партиялық алаң фракцияның кеңейтілген отырысында талқыланып, онда әлеуметтік-экономикалық салаларға байланысты көптеген мәселер қаралды. Нақтырақ айтсақ білім беру, денсаулық сақтау, индустриалдық бағдарламамен қоса тілдің де тағдыры сөз болды.
Былтыр біздің елдің экономикалық дамуы 7,5 пайызды бағындырып, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 11 мың доллардан асқан. Бірақ биылдан бастап алдағы бірнеше жыл қазақ елі үшін ғана емес, барлық халықаралық қауымдастық үшін оңай болайын деп тұрған жоқ. Өйткені, дағдарыстың тағы бір кезеңі келуі мүмкін деген болжам бар. Осыны ескерген Үкімет алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңға қосымша өзгерістер енгізіп, ел экономикасын қалыпты ұстау үшін Ұлттық қордан кепілді трансферт бөлуді ұйғарған. Кепілді қажының көлемі дағдарыстың ауқымына байланысты 6,8 миллиард доллардан - 9,2 миллиард доллар көлемінде белгіленіп отыр. Бұл өз кезегінде отандық экономиканы дамытып, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Григорий Марченко, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Соңғы екі жылда Кедендік одақтағы әріптестерімізге қарағанда Қазақстанның экономикасы тұрақты әрі қарқынды дамып келеді. Мәселен, біздің елдің экономикалық салаларының ішінде былтыр ауыл шаруашылығы 26,7 пайызға, сонымен қатар байланыс, сауда, өндіріс секторлары 18,7 пайызға дейін артқан. Бұның бәрі Ұлттық банктің бағаны тұрақтандыру шараларының нәтижесі. Сондай-ақ, былтыр жыл басында инфляция едәуір артқанмен, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш қалыпты жағдайға түсіп, болжанған 6-8 пайыздың көлемінде қалды.

Қазіргі таңда Дүниежүзілік банк сарапшылары биыл әлемдік экономиканың дамуы 3,6 пайыздан 2 пайызға дейін төмендейді дегенді айтса, Халықаралық валюта қорының мамандары ішкі жалпы өнім 4 пайыздан 3,3 пайызға дейін кемиді дейді. Осыны ескерген Үкімет бюджет туралы заң жобасын жан-жақты сараптап, еліміз экспорттайтын негізгі шикізаттың бағасын да нақты бекіткен.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі:
Әрине, әлемдік экономиканың бәсеңдеуі ел экономикасына әсерін тигізбей қоймайды. Сол себептен ағымдағы жылдың қаңтар айында ЖІӨ-нің нақты өсуі орташа жылдық 6,9 -дан төмен болып, январь айында 4,8 пайызды құрады. Осыған байланысты экономикалық саясаттың алдағы кезеңге арналған негізгі мақсаты макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсудің жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік болжауларды ескере отырып, 2012 жылға арналған болжамды нақтылаған кезде мұнайдың бағасы барреліне 90 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленді.
«Нұр Отан» партиясы Парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында жанар-жағармайдың жайы да сөз болды. Депутаттар Қазақстандағы мұнай өнімдерінің бағасы Ресейдегі бағамен теңесіп қалды деген күдіктерін айтқан. Алайда, «Самұрық Қазына» қорының басшысы «Қазақ елі мұнай экспорттап отырғанымен, елдегі өндірістің аяқ алысы мәселені шешуге қауқарсыз дегенді айтты.
Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ-ның Басқарма төрағасы:
Егер біз мұнай өнімдері Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрғанан кейін қымбаттап жатыр десек, қателесеміз. Меніңше олай емес. Мәселеге тереңірек үңілу керек. Мысалы, Ресей бізге жыл сайын ешқандай салықсыз 7 миллион тонна мұнай өнімдерін жеткізе отырып, өздері шығын шегеді. Оны түсінетін адам бажайлап қараса, біледі. Ал негізінен Бірыңғай экономикалық кеңістік болса, бізге мұнай өнімдерінің бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік беріп отыр.

Үш жылдық бюджет туралы заңда Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар түгел қамтылған. Мәселен, тек қана 11 индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың өзі 30 миллиард доллар инвестиция тартып, 150 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Депутаттар бүгін қабылданған шешімдер Елбасы Жолдауын іске асырудың тиімді тетіктерінің бірі болатынына сенімді.
Асхат Бекенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «НұрОтан» ХДП фракциясының мүшесі:
Мысалы, батыс өңірлерін алып көретін болсақ, біздің Атырау облысында үлкен ірі жобалардың бірі жаңағы газ-химия кешенінің жүзеге асуы және Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңадан жабдықталуы. Соны күні кеше ғана мен облыс әкімінің есебінде болып, қатысып тыңдап келдім. Бұл жобалардың уақытында жүзеге асуын еліміз халқымыз күтіп отыр деп айтуға болады. Неге десеңіздер, бұл өңірге жаңа серпін береді. Екіншіден, бұл жұмыссыздықтың азаюына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі.

Гүлнәр Сейітмағанбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «НұрОтан» ХДП фракциясының мүшесі:
Елбасының кешегі айтқан Жолдауын орындау мақсатында жақсы жақсы өзгерістер бар. Оның ең біріншісі мынау - білім беру саласында, көптен бері айтылып жүрген студенттердің жатақхана мәселесін шешу жөнінде. Жаңадан 7 жатақхананың құрылысы салынуға, 6 жатақхананың жаңағы жобалық-сметалық құжатын дайындауға, жаңадан мектептер салуға, балабақшалар салуға бірталай қосымша қаражаттар бөлініп отыр.

Фракцияның кеңейтілген отырысында бюджет туралы құжатқа ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бірауыздан мақұлданды. Әрі «Нұр Отан» партиясының фракциясы өзінің өте белсенді әрі тиімді жұмысқа дайын екендіктерін көрсетіп, заң жобасын Парламенттегі басқа да партиялық фракциялардың қолдайтынына сенім білдірді.
27 февраля 2012, 22:12
684

Комментарии

По-моему это очевидно. Я бы не хотел развивать эту тему.
The Prodigy - Invaders Must Die

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895