3 мың адам жұмысқа орналасты

Үкіметтің «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы Атырау облысында да тұрақты жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өткен жылы аймақта 5,5 мың адам кәсіби біліктілігін арттырып, қайта даярлық курстарынан өткізілген. Тағы 6 мыңдай жастар кәсіби білім беру мекемелерінде білім алып жатыр. Осы бағдарламаның арқасында жұмыссыз жүрген 3 мыңнан астам жергілікті азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осындай игі істерді жалғастыру үшін облыс әкімшілігі аймақта қызмет атқарып жатқан компаниялармен келісімшартқа отырып, бос жұмыс орындарына мамандарды тартуда. Сонымен қатар, маусым сайын арнайы жәрмеңкелер өткізіліп тұрады.

Мемлекеттік бағдарламаның шапағаты тиген жандардың бірі Гаухар Батырбаева. Жоғары білімді – эколог. Бала тәрбиесімен айналысып, біраз жыл үйде отырған ол сүйікті мамандығынан қол үзіп қалған. Биыл қайта даярлау курсын аяқтап, жұмысқа қабылданған жас маман енді мұнайлы өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қоспақ ниетте.
Гаухар Батырбаева, Ғылыми жобалар зертханасының қызметкері:
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын естіп, оқуымды ары қарай жалғастырғым келді. «Химиялық анализдерді талдау» курсына оқуға тапсырып бітіріп шықтым. Сол бойынша бұрын өзім оқыған Атырау мемлекеттік университетіне зертханашы болып жұмысқа кірдім. Өзімнің сүйікті мамандығым.
Жұмыспен қамту шаралары үш бағытта жүргізілуде. Алдымен жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды қайта оқытып, жақсы жұмысқа орналастыру, екінші, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту болса, үшінші, еңбек ресурстарының жеделділігін арттыру, яғни, экономикалық әлеуеті төмен елді мекен тұрғындарын басқа да тиімді аудандарға көшіру. Құзырлы мекеме өкілдерінің басты мақсаты: жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату.
Гүлболат Аманғалиева, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі:
Оқудан өткен адамдардың ішінен біз 3 мың адамды тұрақты жұмысқа орналастырдық. Бос жұмыс орындарына сұраныстар жинақталып, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, жергілікті мекеме және шетелдік компаниялармен келісім жасақталып, облыс бойынша осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Еңбек еткісі келетін кез-келген азамат политехникалық, аграрлық, медициналық, педагогика секілді түрлі салалар бойынша арнайы курстан өтеді. Биылғы жоспарға сәйкес, облыс бойынша кәсіби оқуға 1380 адам, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға 650 маман, әлеуметтік жұмысқа 640 және жастар тәжіибесіне 533 адам жіберілмек. Ол үшін бюджеттен 645 миллионға жуық  теңге қарастырылған.
29 февраля 2012, 23:19
370

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895