Жетім қыздың баспана мәселесі шешілді

Өзіне тиесілі пәтерге қолы жетпей, әркімнің босағасында тентіреп жүрген қызылордалық жетім қыз мәселесі естеріңізде болар. Оның көрген тауқыметіне назар аударып, түйіннің заңды шешілуіне Қазақстан Ұлттық Арнасы араласты. Қызылорда облысындағы тілшілеріміз, тастүйіннің ақиқатына үңілді. Гүлмираға қатысты әрбір іс, шешімнің тағдырына талмай тоқталды. Жергілікті Сот шешімін қайта қарауға  тура келді. Осылайша, көп болып әділетке қол жетті. Баспана дауы Гүлмира Алмағанбетованың пайдасына шешіліп, бүгін ол өз пәтеріне кірді.
Ата-анасынан ерте айырылған Гүлмираны нағашы апасы бауырына басқан. Мектеп бітірген соң, жиенін Алматыға оқуға жібереді. Ал, Қызылордадағы пәтерін бәз-біреулерге жалға береді. Ым-жымы бір адамдар ата-анасынан ерте-ақ айырылып қалған бойжеткеннің пәтерін құйтырқы әрекеттер арқылы заңсыз иемденбек болған. Гүлмира оқудан келгенде, ата-анасынан мұраға қалған пәтеріне кіре алмай, айдың күннің аманында жылап далада қалады.
Гүлмира Алмағанбетова (11.10.2011 жылы сөйлеген сөзі):
Өз үйіме кіре алмай, бұйырған жерге түнеуден шаршадым. Алматыда оқып жүргенімде, нағашы әпкем үйдің барлық құжатын қайта-қайта сұратқан еді. Ішім бірдеңе сезіп, магистратураға түсіп тұрған жерімнен қайтып келдім. Сөйтсем, үйімде бәзбіреулер тұрып жатыр екен. Мені тыңдайтын түрлері де жоқ.
Бұл жәбірленушінің Ұлттық Арна тілшілеріне қазан айында берген шағым-сұхбаты. Мейлінше созылған іс араға 5 ай салып бітті. Бүгін сот орындаушылары пәтердің есігін бұзып Гүлмираны өз үйіне кіргізді. Өйткені, оның баспанасында заңсыз тұрып келгендер үйді кілттеп, кетіп қалған.
Нұрымжан Сайын, Сот актілерін орындау департаментінің мемлекеттік соторындаушысы:
Борышкер үйінде болмай, біраз қиыншылықтар тудырған болатын. Қазіргі уақытта біз Сот шешімінің әдіс-тәсілін орындауды өзгерту тәртібімен сотқа ұсыныспен жүгініп, яғни, талапкер Алмағамбетова Гүлмираны кіргізуге ұсыныс енгізген болатынбыз. Алмағанбетова Гүлмира өз пәтерінде тұра беруге болады.
Ал, Гүлмира осы уақытқа дейін әркімнің үйін паналап келді. Жетімге қол ұшын бергендердің бірі­ - Бекарыс Нұримановтың отбасы. Бүгін Бекарыс көңілі жабырқау қыздың жадырағанын көрмекке келді. Алайда, тағдырдан теперіш көрген бойжеткен дәл осы сәтте қуанғанын білдірмеді. Онысы түсінікті болатын.
Бекарыс Нұриманов, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Психологиялық тұрғыдан әбден әлсіреп, шаршаған. Дәл қазіргі уақытта да ел, халықтың алдында сөйлеуге қысылыңқырап, психологиялық тұрғыда дайын емес. Үйді алып беру мәселесіне Ұлттық Арна жақсы атсалысты деп ойлаймын. Және Сіздерге, Алла разы болсын, осы бір ғана сенсациялық жаңалық ретінде көрсете салмай, осының кейін де, артынан не істеп не қойып жатыр. Алды ма, қашан алады деп, тіпті, Сот процесі жүру кезінде де барлығына атсалысып, осы алып беруге барынша ынталы түрде, шынайы жанашырлықпен көмектесіп отырғандарыңызға сіздерге Алла разы болсын дейміз!
«Жетім көрсең жебей жүр». Бұл - талай тауқыметті басынан өткізсе де жетімін жылатпаған қазақ ұғымы. Ұлттық Арна үшін де бұл берік ұстаным - жауапты әрі сауапты іс болды.
5 марта 2012, 22:11
579

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895