«Балапан» бағдарламасы жүйелі іске асуда

 

Ал біздің елдегі балғындардың қуанышы басқада. Мемлекет ұсынған «Балапан» бағдарламасы керемет сый болды олар үшін. Мәселен, былтыр 1300-ге жуық тараздық бүлдіршін балабақшаға барды. Екі мектепке дейінгі мекеме күрделі жөндеуден өтіп, бірі жаңадан салынды. Одан бөлек, тағы 7 жеке меншік балабақша қаланың кішкентай тұрғындарына есігін ашты. Өткен жылы бұл салаға 650 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл өткен жылғы көрсеткішті артығымен орындау көзделіп отыр. Өткен жылы тура ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген «Айсәуле» балабақшасында қазір бос орын жоқ. Бұрын бұл ғимараттың тоз-тозы шығып, түгелімен ұрланып, құр қанқасы ғана қалған болатын. Ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды, жөндеу көрді, балабақша етіп қайта жұмысын бастады. Бұл іске бюджеттен 200 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Орқия Нұржанова, қала тұрғыны:
Немереммен төрт жасқа дейін отырдық. Балабақша ала алмадық, орын жоқ деді. Енді «Айсәуле» балабақшасы үйдің жанынан ашылғаннан кейін қуанышымызда шек жоқ.

Балалардың мектепке дейінгі мекемемен қамтылуына жергілікті кәсіпкерлер де күш салып жатыр. Мәселен, мына балабақша тұрғын үйдің алғашқы екі қабатында орналасқан. Таразда бұл алғашқы жеке меншік балабақшалардың бірі. Мектепге дейінгі мекеме 60 балаға шақталған. Құрылысқа 20 млн. теңгедей қаржы жұмсалыпты. Жеке меншік болған соң, мемлекеттік балабақшаға қарағанда бағасы қымбат. Айына - 30 мың теңге.

Дариға Рамазанова, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы:
Мемлекеттік жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша ашылған, яғни, біздің балабақшада балалардың жарты ақшасын үкімет төлейді.

Биыл мемлекеттік бағдарлама аясындағы шаруалар жалғаса түседі. Балабақшаға баруға қазір қалада 13 мыңдай бала кезекте тұр.

Маржан Қожаева, қалалық білім беру бөлімінің бастығы:
Үстіміздегі 2012 жылы біз жоспарда жеке меншік балабақшалардың санын көбейтуге, шағын орталықтарды көптеп ашылуына жәрдем тигіземіз деп, соларға сүйене қабылдап отырмыз. Биылдың өзінде де мыңнан астам орын ашылады деп күтілуде. Қазіргі жұмысты қарқынды бастап кеттік.

Балабақша тапшылығының тағы бір шешімі - орта мектеп жанынан шағын орталықтар ашу. Былтыр қалада мұндай 3 орталық пайдалануға берілді. Биыл да бірқатар мектептердің қасынан қосымша тағы осындай орталықтар ашу көзделіп отыр.

 
7 марта 2012, 21:57
2161

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895