«Анаға тағзым» атты арнайы күн белгіленбек

Қоңыр күзде қазақтың елі «Анаға тағзым» атты жаңа мерекені атап өтуі бек мүмкін. Және «мерейлі отбасы» деген мемлекеттік марапат та тағайындалмақ енді. Бұны бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елбасы 8-ші наурыз, халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында алтын құрсақ аналар мен бір топ қыз-келіншектерді қабылдады. Арасында дәрігер де, мұғалім де, терміржолшы да, әскери де, әнші де, спортшы да бар. Президент дәл осы кездесуде барлық қазақ әйелдерін мерекемен арнайы құттықтады. Бұл жиынға бұл жолы «көктем шуағы» деп айдар тағылды. Президент үркердей топпен үлкен әңгімені бастамас бұрын қазақ елінің барлық әйел қауымын құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жер дүниедегі ең әдемі мереке көктемнің шуағымен бірге келетін қуанышты, ең әдемі, ең асыл жандарды құттықтайтын күн - ол бүгінгі әйелдер күні мерекесі. Сол мереке күнімен мен Елбасы ретінде барша қазақстандықтардың атынан, ер азаматтардың атынан сіздерді, сіздер арқылы барлық қазақстандық әйелдерді шын жүрегіммен құттықтаймын. Мерекемен құттықтап, зор денсаулық, үлкен бақыт тілеймін. Әйелдер тек қана отбасының иесі ғана емес, мемлекеттік қызметте де, бизнесте де, денсаулық сақтау, халықты ағарту саласында да, барлық салада жұмыс істейді.

Топ ішінен таңдау түсіп, сөз тигендердің бірі - Наталья Дементева. Көкшеден келген келіншек, заты басқа болса да, біздің тілді біледі екен. Төгілдіріп тұрған жоқ, әрине, дегенмен көптен ілгері.

Наталья Дементьева, Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицейінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, тележурналист:
Әр бала үшін оның ата-анасынан биік бедел жоқ. Мен анамның айтқанын орындау үшін университетке қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түстім. Бар күшімді жұмсап, тіл үйрендім. Еңбегім зая кеткен емес. Мемлекеттік тілді білу менің алдымнан кең жол ашты. Қазір лицейдегі жұмысыммен бірге жергілікті «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында қазақ тілді үйрететін телебағдарлама өткізіп жүрмін. Қазір мемлекеттік тілді үйреніп жатқан көрермендер өте көп.

Дүркін-дүркін көтерілсе де, қазақтың өз елінде тиісті деңгейіне жете алмай келе жатқан тіл тақырыбы бұл отырыста тағы бір мәрте қылаң беріп қалды. Президент ана тілдің тағдыры анаға келіп тірелетінін аңғартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Әр халықтың ана тілі болады. Өзі-ақ «ана тілі» деп тұр. Ата тілі деп айтпайды. Ана тілі - ол әр халықтың ішкі дүниесі, жаны, сол елдің мемлекеттігін ана тілі көрсетеді. Сол елдің мәдениеті, сол елдің дәстүрі барлығы ана тілімен жүреді. Сондықтан қиын жағдайда қалған қазақ тілін көтереміз деп бүкіл мемлекет жұмыс істеп жатыр. Кейде біздің азаматтарымыз қамқорлығын айтып кейде ренжиді. Әсіресе, ұлты қазақ емес қазақстандықтар сіз секілді қазақ тілін мақтап отырғаны жақсы.

«Қазақ «ана тілі» дейді» деді Президент. Шындығы сол, ата тілі я әке тілі деген анықтама жоқ, ана тілі! Яғни, балаңды бағып-қағып, бағдарлап отырған әйелің қазақша сөйлемей, қарындасың-қарағың, қызың, құрбың қазақша сөйлемей, мынау байтақ далада, байда көркем тіліңнің көсегесі көгермейді. Хош. Әлемнің жұртының тең жарымы әйел қазір, қазақ елінде де сол шама, мүмкін бір мысқал артық. Сол әйел қауымның дені ошаққа ғана қарап отырған жоқ, отанға қызмет етіп жүр, әр салада, әр деңгейде, әлі жеткенше. Мысалы, білім мен денсаулық саласында тер төгіп жүргендердің 90 пайызы қыз-келіншек, парламенттің 22 пайызы әйел депутат. 3 бірдей министр де бар. Яғни «алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық» деп түйген қазақтың бүгінгі жұрағаты қамшыға қол созуды сиретті қалайда. Қал-қадірі жеткенше құрметтеп-ақ жатыр әйелді. Президент те бүгінгі кездесуге келген топтың ішінде көп баланы тәрбиелеп өсірген екі бірдей анаға алтын алқаны өз қолымен тапсырды.

Жанна Рахманова, көп балалы ана:
Ең үлкенім 22-де, кішім 1 жаста. Әр баланың өз несібесі бар. Баланы көп деуге болмайды. Құдай берсе онға жеткізем.

Гүлмира Нышанбаева, көп баланы ана:
Алтын құрсақты анамыз. Екі қызым бар. Бір батырым бар. Бала тәрбиесіне келгенде патриот болса екен деп ойлаймын. Және шыншыл, адал болса екен деймін. Отанымыздағы ел қорғайтын азамат болып өссе деп тілеймін.

Келер күзде қазақтың елінде «анаға тағзым» атты арнайы күн белгіленбек. Сондай-ақ «мерейлі отбасы» атты марапат та ойластырылып отыр. Үш ұлдың анасы Айзада Үмбетқызы бұл ұсынысты ерекше қолдайды. Өйткені ана атаулыға құрметтің артығы жоқ.

Айзада Аққайсенова, «Қазмұнайгаз» АҚ қайта өңдеу және маркетинг компаниясының қаржы директоры:
Елбасы аналар күнін енгізу туралы ұсыныс жасады. Мен ойлаймын, өте орынды. Ондай күн бүкіл елде, Америкада, Англияда бар. Біздің де Қазақстанда ол күн болуы тиіс.

Әйелдерге құрмет Ақорданың сый-сыяпатымен шектелген жоқ, конгерс-холл сарайында мерекелік концерт те өтті дүркіреп. Әйел-аналардың құрметі үшін барлығы.

7 марта 2012, 22:01
1159

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895