Балқаш өңірінде 100-ден асқан қос ана бар

Ғасырдан озып, ұзақ жасаған қарт аналар Балқаш өңірінде де бар. Бірі -108-де болса, екіншісі – 100-де. Екеуі де Алматы облысы, Бақанас ауылында тұрады. Сағынбала апа әлі күнге шежіре тарқатса, Сыртай апа сырмақ сырады. «Сүйегі асыл, сөзі жақұт» дейтін қазыналы қарттар осы кісілерде-ақ болар. Асылын ардақ тұтқанның қашан да абыройы асады. Бүгін халықаралық әйелдер мерекесінде, аудан басшылары қос қарияға құрмет көрсетіп, ауданның аяулы ана, қыз-келіншектерін көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.

Сыртай апа – ауданның ең қарт анасы, жасы 108-де. Әйтсе де әжетке жарап-ақ тұр. Ертелі-кеш шөбересіне қарап, кейде ескі әдетпен көрпе де құрайды. Қимылы ширақ, қағзілез жанның жүріс-тұрысы, сөзі де ерек. Өткен-кеткенді еске алып, жадындағыны жаңғыртып отырады. Ұзақ жасауым–еңбектің арқасы, онан қалды доғдырдың күтімі дейді. Айтуынша, бейнетті өмірдің бар дәмін татқан. Тары айдай жүріп, мал бағып, киіз басып, үй тіккен. Ұл да қыз да өсірді. Еңбекпен өнді.

Сыртай Асылбекова, 108 жастағы ана:
«Еліңе елеулі болсаң», халықыңа да сондай қалаулы боласыңдар. Еңбек еткен әйбет, киімің бүтін, тамағың тоқ болады. Қарның ашпайды қабағың жаппайсың. Балаларың да сондай бақытты болады. Өзің жақсы болғаннан кейін балаларың да жақсы болады.

Үрпе-шүрпе ұл-қыздың ортасына батып, қызығына тойып отырған мына бір ана - Сағынбала Айбекқызы. 100 жастағы баталы жан. Шүйкедай ғана шағын көрінгенімен, қос ғасырдың куәсі. Өмірден түйгені, көргені көп. Екі сөзінің бірі - еңбек. Ғасырдан көп жасап, 12 құрсақ сәбимен шаңырағын шаттық бөлеген Мәрсия келінімен қатар жасасып келеді. 15 немере, 39 шөбере, 22 шөпшектің тәтті қылығына тамсанып, қуанып отырады.

Аида Мақсат, шөпшегі:
Ақ жүректе сақтаған,
Жақын шіркін жақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші-келші ақ мамам.

Балқаш ауданында қазір 30 мыңнан аса тұрғын болса, соның тең жартысы әйел. Ішінде 132-і тыл еңбеккері, 909-ы алтын құрсақ аналар бар. Ауданда көбі білім, медицина салаларында еңбек еткенімен, басшылық жүйеде жүргендер де бар. Әйтсе де, қай-қайсысы болмасын «Ер - елдің иесі, әйел –үйдің киесі» деген ұлы қағиданы биік ұстайды. Түзде – тәжірибелі, білгір маман болса да, үйде - от анасы. Бүгін солардың бірсыпырасына құрмет көрсетілді.

Шолпан Сартбаева, «Алтын алқа» иесі:

Мерекеміз құтты болын дейміз! Алтын алқа иесімін мысалы кейінгі жастар өкшемізді басып келе жатқан, осы үлгі алсын дейміз. 40 жыл мал баққан еңбегімнің арқасында аудан әкімі марапаттап жатыр, көп-көп рахмет.

8 марта 2012, 21:42
580

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895