«Анаға тағзым» күні қыркүйекке белгіленуі мүмкін

Анаға тағзым қылу үшін арнайы күн белгілеу туралы бастаманы қазақтың тұтас қоғамы қолдайды. Өзі біздің жұрт қашанан ата-анаға, жалпы үлкенге ерекше ілтипат көрсетуші еді. Бергі заманда ғана солқылдады осы салт. Ұлт жадының ептеп жіңішкергенінен болар бәлкім? Енді сол қасиетті қайта оятып, қоғам санасына қайта сіңірудің сәті келіп тұрғандай. Қоңыр күзде, бұйырса, біздің ел «Анаға тағзым» күнін атап өтпек. Бастаманы сіздердің де қолдайтыныңызға шүбәміз жоқ, көрермен! Күні кеше ғана өткен жиын бұл, естеріңізде шығар. «Анаға тағзым» күнін жариялау туралы бастама дәл осы отырыста айтылды. Президенттің ауызынан шықты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Анаға тағзым деген бір күнді арнауымыз керек. Бұл мереке дүние жүзіне кең тараған, 50-ден астам елде бар. АҚШ-та бар, Ұлыбританияда бар, Ресейде де бар. Мүмкін, күздің бір жақсы күніне, күзге, қыркүйек айына белгілегеніміз дұрыс болар.
Суыртпақтап жүріп аңғарғанымыз, «Анаға тағзым» күні 15-ші қыркүйекке белгіленуі бек мүмкін. Бірақ нақты емес, әрі талқыланып арнайы бекитін болар. Ал, анаға кім тағзым етпейді дейсіз, алып та анадан тумайды ма.
Арнұр Сәрсекеев, қала тұрғыны:
Ең бірінші күннен бастап ана бізге тәрбие береді, білім береді. Менің ойымша Елбасы өзі айтқандай күн беру деген сөз дұрыс деп ойлаймын. Соны 100 пайыз қолдаймын.
Нұрболат Есжанов, қала тұрғыны:
Осы кеше елбасы айтып өткендей аналар күні, бір күн қосамыз деп жатыр. Сол тағы бір күн қосылса артықшылық етпейді.
Болат Оспанбеков, қала тұрғыны:
Не жаздыкүні, не күздікүні тағы да бір күн аналарымызға, аналар күні деп арнасақ, ол тек қана біз үшін жақсы деп ойлаймын.
Алмагүл Сержанова көп балалы ана. Қазақтың Қытаймен түйісетін шекарасында тұрады. Күйеуі - шекарашы. Ақордадағы қабылдауды болып, анаға тағзым күнін жариялау туралы бастаманы алғашқы болып естіген аз әйелдің бірі Алмагүл.
Алмагүл Сержанова, Үшаралдағы қазақ гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі:
Әрине санымыздың жиырма миллион болуына ат салысамыз әлі де. Нұрсұлтан Әбішұлының қолынан мен де батыр ана атағын алғым келіп тұр.
Бес баланы бағып-қағып отырған Алмагүл үшін батырлыққа көп қалмаған секілді. Тағы бір тың ақпар, жаңа марапат тағайындалар түр бар. Ол, «мерейлді отбасы» деп аталмақ. Бұл сыйлықтың да мәрбесі жоғары, беделі зор болуы ләзім. Мақсат қазақ еліндегі тірлігі түзу, кісі қызығатын отбасыларды дәріптеу. Сол арқылы қазір батыстың тым еркін, тіпті, бейпіл құндылықтарына құмар келетін жастардың, жасамыстардың да бетін бері қарату. Анаға деген зор құрметпен.
8 марта 2012, 21:43
910

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895