Аңқасы кепкен ауыл

 

Су - тіршілік нәрі. Әрбір адам секілді әрбір мемлекеттің экономикасы сусыз өмір сүре алмайды.  Сондықтан оның саяси-экономикалық маңыздылығы кейбір елдер үшін қара алтыннан да қымбат. Бүгінде 80-ге жуық ел ауыз судың жетіспеушілігін сезініп отыр. Әлемдегі су қоры да азайып келеді. Су қоры азайған сайын жұмыр басты пенденің де пейілі тарылып бара жатқандай. Құдайдың қарасуын саудалап саяси мақсатқа пайдалану үрдісі байқалып жүр. Ашығын айту керек, суға келгенде Қазақстан көршілеріне тәуелді. Мемлекеттік су ресурстарының 40 пайызы шеттен келеді. Ертіс, Сыр, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді ірі-ірі трансшекаралық өзендердің ең төменгі сағасындағы ел саналамыз. Ал бастауы басқаларда жатыр. Сол себепті көп ретте солардың қас-қабағын бағып, талабын тыңдауға мәжбүрміз. Эколог Елеусізовтың «қытайлар Іленің арнасын ортан белінен буып, су көлемін азайтып жіберсе, Балқаш Аралдың кебін киеді» деп шырылдап жүргені сондықтан. Жалпы, Қытай ғана емес, Кеңес Одағынан кетіскелі бері Қазақ, Өзбек, Қырғыз және Тәжік республикалары трансшекаралық өзендерді пайдалануда өзара пәтуаға келе алмай жүргені мәлім. Қазақстан Орталық Азия елдерінің су концорциумын құрайық деп 95 жылдан бері тоқтамай айтып келе жатыр, бірақ ортақ мәміле әлі жоқ. Әркім күлшесіне қарай көбірек күл тартуға құштар, бір құлақ су болса да, өз жеріне бұруға бейіл. Әрине, әркімнің өз мүддесі бар. Барын базарлап, бәсін өсіруге ынтық. Мысалы, Сырдарияның ең басында отырған қырғыздар тәуелсіздік ала сала, Тоқтағұл су қоймасын энергетикалық жүйеге көшірді. Электр энергиясын молынан өндіру үшін қысты күні суды қолынан келгенше көбейтеді. Ал жазда қуат көзі қажет емес, сондықтан арнаны бөгеп, ағысты азайтып, қысқы маусымға қор жинайды. Бұл үрдіс дария бойындағы берекені қашырды. Жаздың аптабында Сырдың суы сирақтан келетіндей тартылып кетеді, ал қыста жолындағы жайпап өтетіндей тасқындап ағады. «Кісідегінің кілті - аспанда». Қара алтын мен көгілдір отыны, тіпті, көмірі жоқ қырғыздардың өмірі суға тіреліп тұрса, қайтпексің. Біздің билік жылдар бойы бітім жасасып әбден шаршады білем, Көксарай су реттегішін салып, жаны біраз тынышталды. Сөз басында судың тіршілік көзі екенін айттық. Енді соған нақты мысал келтірейік. Қарағанды облысы, Балқаш қаласының маңайында Саяқ деген алақандай ауыл бар. Өндірісі дамыған бақуатты елді мекен. Бірақ жері сортаң, ауыз су жоқ. «Таза ауыз су», «Ақбұлақ» секілді мемлекеттік бағдарламалардан да бұл өңір сырт қалып отыр.

Саяқ елді мекені. Қаладан алыс қыратта, дөкей-көкейлердің назарынан жырақта жатқан ауыл. Олай деуге себеп жылдан асып барады, кенттің ауыз судан қағылып, қаталып отырғанына.
Нұрбек Бекбау, арнайы тілші:
Ауылдың тағдыры осылай, міне, темір жолмен келер мынау бір бөшке суға тәуелді. Кейде бұл бөшке судың апталап келмей қалатыны да бар. Ол кезде  ауыл кәдімгідей қиналып қалады.
Ауылдағы ағайынның саны 3 мыңнан астам. Яғни, 3 мың кісі шөліркеп, шөлдеп, тасымал суға телміріп отыр. Жағдайлары қиын-ақ.
Руслан Спамбетов, ауыл тұрғыны:
Міне, ауыз су мәселесінің кесірінен ауыл халқының көретін күні осы. Мынау келетін цистерна ауылға күнара келеді. Оның өзі жұмыста жүрген жұртқа жетпей де қалады.
Ағайынды тағы бір абдыртқаны - «ауыл көшіріледі екен» деген алыпқашпа әңгіме. Саяққа су құбырын тартып береді деп дәмеленген көптің дымы құрып отыр енді.
Сайлаухан Сламбекұлы, Саяқ ауылының тұрғыны:
неше жыл ата-бабамыз жайлаған жерден Саяқ руднигін Балқашқа көшіреміз дейді. Бұл мағына қалай?
Саяқ ауылы тозып біткен елді мекен емесін еске салғымыз келеді. Біріншіден, тоғыз жолдың торабында жатыр. Түстіктен Қытай, теріскейден Ресей пойыздары қатынап тұрады. Күре тамыр, темір жолдың үстінде. Екінші - бірнеше өндіріс ошақтары бар. Қуаты қайтпаған, керісінше, қарқынын күн санап үдетіп отырған. Оған таң атпастан жұмысқа қамданған мынау тұрғындардың тірлігі куә.
Халық пікірі:
Саяқ руднигінде кілең жастар жұмыс жасайды.
Таңертең осындай жұмысқа барамыз, кешке қайтамыз, кешкі бесте. Жағдайымыз бәрі жақсы. Жалғыз-ақ мына судың проблемасы. Одан басқа ешқандай проблема жоқ. 
Саяқтықтар сабырлы-ақ. Шыдап бағып отыр.
Андрей Гусаров, Саяқ ауылының тұрғыны:
Сау адам бірдеме етіп су табар, ал мынау үй ше? Бұл шаңырақтың түгелдей мүшесі мүгедек. Мен сол станцияға келетін цистернадан су тасып беремін.
Сырқат демекші, Саяқта үлкен емханада бар. Балтыры сыздаған, басы ауырған осында ем-дом қабылдайды. Дәрігердің жұмысы қайда оңай дейсің, ал мұнда пациентке қараудан бөлек, медбикенің міндетіне су табу, оны емханаға тасу да кіреді.
Болат Жармұхамедов, Саяқ ауруханасының бас дәрігері:
Біз ауруханаға флягамен тасып аламыз.
Тағы бір айта кетер дүние - Саяқ кентін болашағы жоқ, кей ауылдармен салыстырудың қажеті шамалы. Сандарды сөйлетсек. Саяқ кен орны 1970 жылы ашылды. Осы 40 жылдың ішінде 100 млн. тоннадан астам руда, оның ішінде, 1 млн. тонна мыс өндірілді. 35 тонна алтын, 536 тонна күмістің қазылып алынғаны бар. «Бұл бұрынғы сандар, бізге бүгінгі дерек керек» десеңіз айтайық.
Ерлан Нәбиев, Саяқ кенішінің бас геологы:
Біз осы 40 жыл ішінде тек қана 30-40 пайыз құрайтын ғана аумақта жұмыс жасадық.
Саяқ кенті Балқаш қаласының әкімдігіне қарайды. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселеге Балқаш шаһарының басшылығы не дейді?
Данияр Манабаев, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:
Иә, ондай мәселе бар. Саяқ-Тоқырау су құбыры 40 жылдан бері тозды. 165 шақырымға созылып жатыр бұл құбыр. Қазір мәселені шешудің жолдары қарастырылып жатыр.
Шенеуніктер шығар жолды іздей тұрсын. Біз мамандардан сұрап көрейік.
Ерлан Нәбиев, Саяқ кенішінің бас геологы:
Мынау Қаратал өзені. Алматы облысындағы қазіргі. Осы жерден су құбырларын салып, көл арқылы мына Саяққа жеткізетін. Бұл жерде су жеткілікті.
Жерін белден қазса, кенге кезігетін Саяқтың сағы сынып отыр қазір. Су мәселесі меселін қайтарды біраздың. Кейбірінің мінезі мүжілді. Тек Амангелді Әбдіхалықов ақсақал ғана ат үстінен түсер емес. Арызданып алыстағы Астанаға дейін барып қайтыпты. Айтуынша, 5 күн су болмаған кезде жастарды бассыздыққа баруына жол бермей ақылға шақырған да бір өзі екен. Үміт үзгісі келмейді, себебі.
Амангелді Әбдіхалықов, Саяқ ауылының ақсақалы:
Балқаш комбинатын кенмен, мыспен қамтамасыз етіп отырамыз. Осындай байлықтың үстінде отырып, су тапшылығын көру - біздің халқымызды, ауыл кентінің  тұрғындарының бәрін қатты ренжітуде.
Ақсақал өз сөзінде «Батыс Қытай - Батыс Еуропа желісі бойынша 2700-ден астам шақырым жол салып жатқанда, Саяқтың мәселесі не тәйірі, бір шешімін табар. Бастысы, Ұлттық  арна арқылы базынамызды айта алдық» деп қалғаны. Сеніммен қалды.
 
11 марта 2012, 22:01
898

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895