«Қолжетімді баспанаға» қол жете ме?

Биылғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қолжетімді баспана- 2020»  бағдарламасын жасауды тапсырған болатын. Жоспар бойынша шілдеге дейін құжаттың кем-кетігі түзетіліп, дайындалуы тиіс. Бүгіндері осы шаруамен айналысып жатқан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі апта басында Үкіметке бағдарламаның жобасын алып келді. Жалпы, баспана бүгінде қазақ жастарының басты мәселесі. Үкімет талай жылдан бері осы мәселені шешуге талаптанып жүр. Өткен жылы тұрғын үй құрылысына барлығы 417 млрд. теңге бөлінген. 6,5 млн. шаршы метр баспана салынып, 55 мың 511 пәтер тапсырылды. Ал жалдамалы тұрғын үйге былтыр 10 миллиардтан астам қаржы бөлініп, 120 мың шаршы метр жалдамалы баспана пайдалануға берілген. Тұрғын-үй жинақ жүйесі арқылы  54 мың шаршы метр баспана үлестіріліпті. Бұл бағытта 28,8 млрд. теңге жұмсалған екен. Ал биыл жалдамалы тұрғын үй тұрғызу үшін 9,6 млрд. теңге қарастырылып, 6 миллионнан астам шаршы метр баспана салу көзделіп отыр. Яғни, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына бөлінген қаржы жылдан жылға өсіп келеді, баспанасыздар саны да бұдан қалысар емес. Үкімет жастарды үймен қамтамасыз етудің қарекетіне көшкенде Парламент мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың жоспарын тыңдады. Министрдің мәліметінше, егер Қазақ Үкіметі «Қарашығанақ» кенінен тағы 10 пайыз үлесті сатып алса, онда алдағы бес жылда «Қазмұнайгаз» компаниясының табысы қосымша 5 млрд. долларға артады. Қазір аталған кеннен үлес алуға қатысты жүргізіліп жатқан келісімдер аяқталуға жақын. Естеріңізде болса, Елбасы биылғы Жолдауында кезінде шетелдіктерге сатылып кеткен маңызды стратегиялық жобаларды біртіндеп мемлекетке қайтаруды жүктеген болатын.

Қол жетімді баспана бағдарламасы 6 бағытпен іске асады. Алдымен Үкімет бюджеттен бағдарламаға арнайы ақша бөледі. Қаржыға жергілікті билік, яғни, әкімдік үй салуды бастайды. Ал дайын баспанаға қол жеткізгісі келген кісі тұрғын-үй жинақ банкіне салымшы ретінде тіркеліп, қор жинайды. Агенттік төрағасы Серік Нокин жобаның өзін-өзі ақтайтындығын айтады. Мәселен, былтыр салымшылар саны 17 мың болса, биыл 86 мың салымшыға артқан. Тұрғындар үшін тиімді жобаны жүзеге асыруға Үкімет келер жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта жыл сайын 35 млрд. теңгеден бөліп тұрады. Яғни, осы қаржыға жылына 4 мың пәтер тұрғызылады.
Серік Нокин, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы:
Жас отбасының айлық жалақысы 70 мыңнан төмен болмауы керек екі кісінің. Жалға беріледі 8 жарым жылға. Жинақ банкте өз есепшотын ашып, соған 8,5 жыл ақшасын жинайды. Жинап болғасын оның үйді сатып алуға құқы бар. Мүмкіндігі жоқ отбасылар 4 пайызбен 15 жылға несие ала алады.
Құжатта «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жүргізу де қарастырылған. Бұл жоспардағы жаңа бағыттың бірі. Оған сай үйді үлестірудің 2 жолы ұсынылады. Бірден сатып алуға және жалға беруге. Пәтердің құны бір шаршы метр үшін өңірлерде 120 мың теңге. Ал Астана мен Алматы қалаларында 150 мың теңгеден аспайды. Қорыта айтқанда, қор елдегі 50 мың отбасын баспанамен қамтымақ.
Қуандық Бишімбаев, «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» ақ басқарма төрағасының орынбасары:
1 шаршы метрге біздің санауымыз бойынша 1 мың теңге көлемінде төлейді, сондықтан 50 шаршы метр үйді алатын болса, соған 50 мың теңге төлейтін болады ай сайын жалға алғанда. Бірақ 15 жыл ішінде соны төлеп, үйді сатып алатын болады.
«Қарашығанақ» жобасы қолға алынғалы бұл кеннен 114 млн. тонна сұйытылған көмірсутегі мен 136 млрд. текше метр газ өндірілген. Жоба іске асқалы осы күнге дейін одан түскен таза табысы 20,7 млрд. долларға жетсе, оның 13,3 млрд. доллары республикалық қазынаға бұйырған. Бүгінге дейін «Қарашығанақтың» геологиялық қорының 10 пайызы ғана игерілді. Ал, кеннің тағы 10 пайыз үлесін сатып алсақ, одан түсер пайда да тиісінше көп болмақ.
Сауат Мыңбаев, ҚР Мұнай және газ министрі:
Республиканың 10 пайыз түсу үлесі мұнай бағасының болжамды деңгейін барреліне 85 доллар болғанда 2012-17 жылдардың ішінде «Қазмұнайгаз» ақша ағыны түрінде 3,3-тен 5 млрд. долларға дейін немесе «Қазмұнайгаз» дисконтталған ақша ағыны түрінде 1,4-2 млрд. долларға дейін қосымша табыс әкеледі.
«Қарашығанақтан» 10 пайыз үлес сатып алу үшін Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінеді. Әлбетте, бұл шығын жүзеге асырылып жатқан жобадан салық ретінде қайта қайтарылады. Сондықтан мемлекет бұл шешімі үшін ешқандай жапа шекпейді. Керісінше, пайдаға кенеледі. Үкімет сағатында сондай-ақ жанар-жағармайдың кейде күн санап, кейде ай санап қымбаттап кететіндігі де сөз болды. Әсіресе, бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасқалы біздің елдегі бензин бағасынан береке кетті.
Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:
Сіз жаңағы біздің елдегі жанар-жағармай бағасын басқа елдермен салыстырғаныңыз, одан гөрі сіз былай етіп салыстырсаңыз, ол елдегі жанар- жағармай бағасының халықтың табысына қатынасы қандай, біздің елдегі жанар-жағармайдың халықтың табысына қатынасы қандай. Осындай көрсеткіш жасасаңыз, ол халыққа жақынырақ болар еді.
Сауат Мыңбаев, ҚР Мұнай және газ министрі:
Қазіргі күннің өзінде егер Қостанайда, Петропавлда жанар-жағармай бағасы мысалы былтырғы жаздай 40 пайыз төмендеп кетсе, Ресейге қарағанда, ол жанар-жағармайдың бәрі Ресейге кетіп қалмай ма? Сондықтан, бәрібір мөлшері салыстырмалы болу керек пе дейміз. Әрине, жаңағы акцизге байланысты біз өзіміздің ішкі нарықтағы жанар-жағармайдың бағасын 10-15 пайызға Ресейге қарағанда төмендеу ұстауға мүмкіншілігіміз бар. Бірақ, ол мүлдем төмен болуы мүмкін емес.
Қазір еліміз жыл сайын 80 млн. тоннадан астам мұнай өндіреді. Әлбетте, оның көп бөлігі экспорттың еншісінде кетеді. Себебі, отандық мұнай өңдеу зауыттары қара алтынды қайта өңдеуге қауқарсыз. Қуаты жетпейді. Мәселен, елдегі үш мұнай өңдеу зауыты мен басқа да шағын зауыттарға жыл сайын 15 млн. тонна шикізат жеткізілгенімен, олардың барлығы бірдей өңделе бермейді.
Сауат Мыңбаев, ҚР Мұнай және газ министрі:
Сөзді егер шынымен айтатын болсақ, сол НПЗ-лардың біразы жаңағы некондиционое сырье деп шикі мұнайды экспортқа шығарып отырған жағдай тағы да бар. Оған прокуратура тексеріп, бір ерекше хат жазған болатын министрлікке тексерсеңдерші деп. Ол енді біздің құқымызда емес шығар. Бірақ дегенмен сондай жағдай бар.
Қазір қазақ елі дайын жанар-жағармайдың 30-40 пайызын, тіпті, кейбір өңірлер 50 пайызын шеттен сатып алады. Осыдан келіп баға саясатында да тұрақтылық болмайды. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Үкімет 2014 жылға дейін Атыраудағы, 2015 жылға дейін Шымкенттегі және 2016 жылға дейін Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарын қайта жабдықтамақ.
11 марта 2012, 22:05
3699

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895