Ұлыстың ұлық күні: ғалымдар назарымен

Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз. Түркі халықтарының күнтізбесінде бұл мейрам жылбасы саналады. Күн мен түннің теңеліп, дүниенің жаңаратын шағы бұл. Наурыз бір ғана ұлтқа тән мереке емес. Жалпыхалықтық сипат алған ортақ қуаныш. Тарихы да тым тереңде жатыр. Оның шығу тегін қаузап жүрген ғалымдар Наурыздың жаңа жыл ретінде аталып келе жатқандығына төрт мың жылдан асты деген болжам айтады.

Мәдениеттанушы Серік Ерғали Наурыз мейрамының шығу тарихын бірнеше жылдан бері зерттеп келеді. Там-тұмдап жинаған деректердің басын қосып, «Нау мен ырыс» деп аталатын кітап та шығарды. Жақында зерттеуші «Наурыз мейрамына азаматтық мереке сипатын беру» атты төл тұжырымдамасын ұсынды. Мақсат - Наурыз мейрамының көне түркі тарихына тікелей қатысы барына көз жеткізу.
Серік Ерғали, мәдениеттанушы:
Наурыз мерекесін парсылардың аржағында ежелгі түркілердің мерекелеп келгендігіне анық көз жеткіздік. Алматы маңындағы Аңырақай деген жерде таңбалы тастар бар. Сол тастардағы жазу таңбалардан Наурызды түркі халықтары осыдан төрт бес мың жыл бұрын тойлап келгендігі анықталды.
Наурыз мейрамының түп тарихын зерттеп зерделеуді Астанада ашылған Түркі академиясының ғалымдары да қолға алды. Деректердің дені осында сақталған. Атауы парсыдан шыққанмен көне түркілік тарих тың дүниелерді қайта ұсынып отыр. Шығу тегі тым әріде жатқан жыл басының шежіресі әлі де болса елеп екшеуді қажет етеді.
Шәкір Ыбыраев, Түркі академиясының президенті:
Наурыз түркі халықтарына ортақ мереке. Күнмен түннің теңелуі! Солтүстіктегі хакас, тува секілді халықтарда осыған ұқсас мереке бар. Дегенмен, бұл түркі тектес халықтарға ғана тән мереке.
Зерттеушілер Наурыз мейрамын атап өтуде көне сипатын сақтай отырып, бүгінгі заманға лайық болуы тиіс деген пікірде. Әрі, ол бір күнмен шектелмеуі тиіс. Қырдағы елмен ойдағы елдің араласып, татулық ынтымаққа шақыратын кезі бұл.
Сауалнама:
Наурызда өкпелесіп қалған адамдар бірін бірі кешіреді.
Ұлыстың ұлы күні өз үйімізде, отбасымызбен қарсы аламыз.
Қазан ошақ көтеріп ас жасаймыз Наурыз көже дайындаймыз.
Наурыз жыл басы. Ұлыстың Ұлы күні. Ынтымақпен татулықтың мейрамы. Ұлу жылы ұлтымызға береке ырыс әкелсін.
13 марта 2012, 21:41
1050

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895