Үйлерінен күйі кеткен шағын қала

Тұрғын үй, коммуналдық сала – мәселелі тақырыптың бірі. Ал, әңгіме шағын шаһар турасында болса мүлдем бөлек. Себебі, кішігім қалалар  негізгі орталықтардан жырақта болғасын, мәселесі жылдар бойы шешілмей, қордаланып қалатыны бар.

Осы аптаның басында, бір топ Балқаш қаласының тұрғындары  редакцимямызға хабарласқан еді. Дәл осы  тұрғын үй тақырыбының төңірегінде. Әлімжанов көшесіндегі  №7 көппәтерлі үй  құлау алдында. Жергілікті билік  тұрғындарды көшіріп әуре. «Алайда, қолға не құжат, не рұқсат қағазын бермейді», – деп шағымданады халық.
Балқаш қаласы – еліміздегі шағын шаһарлардың бірі. Кішігірім кенттерге тән проблема Балқашты да айналып өтпепті. Мұндағы мәселе коммуналдық салаға тікелей қатысты. Кеңес кезеңінде салынғасын ба, көп үйлер тозып біткен мұнда да. Қалада ұзын саны 572 үй бар. Ал, сол үйлердің 180-і күрделі жөндеуді қажет етеді.  Енді бір баспаналардың, қабырғасы құлап, іргесі үгітіліп те жатыр.
Данияр Манабаев, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:
Ондай проблема бар. Бір үйде ондай шықты. Әлімжанова 7. Но, ол бүгінгі күні апатты деп есептелген жоқ. Апатты деп есептейтін техникалық құжат жоқ.
Мынау біз сөз еткен, Әлімжанов 7-дегі көппәтерлі тұрғын үй. Міне, қабырғалары қақырап сөгіліп, сетінеп жатыр. Дуалды бойлай мынадай сызықтар өрілген. Ал, кей жерде, жарықтардың арасы бір қарысты оңай толтырады.
Құралай Қалкеева, қала тұрғыны:
Мынау қарап отырсаңыздар, жарықтың көпшілігінен балалар бөлмеден, саусақтарын шығарып ойнайды. Әлгі 5-ші этажда. Мынау 1-ші этаждан көріп тұрсыз ғой. Полдарының бәрі былай. Кеш батса шықырлайды.
Тұрғындар сыртта жүр. Осылай күн ұзаққа тұрады да қояды. Себебі, үйдің іші қауіпті. Қабырға құлап кетуі, шатыр шарт сынып, басып қалуы бек мүмкін. Хош, бұл үйдің сырты. Бүтіндеу көрінгенімен, іші бүлінген. Едені езілген, қабырғалары мүжілген. Бассаң, түртсең, үзіліп түсіп жатқаны.
Қала тұрғыны:
Міне, мынаның барлығы құр әйтеуір, ішінде отырғаннан кейін жасап отырған дүние. Мынаның бәрі құлап жатыр. Міне мынау міне.
Үйді тастап, басқа баспананы паналауына болар еді тұрғындарға. Бірақ өйтсе, өтемақы алудан қағылады. Себебі, «тұрғын үй тұруға жарамсыз, құлатылсын» деген құжат жоқ. Кепіл қағаз тағы жоқ. Амал жоқ, кете алмай, айналшықтап жүр шатырын. Кетер болса, үйді өз еркімен тастап шыққан саналады. Ал, әкімдік құжат қолды байлап отырғанын, егер тілім қағаз Қарағандыдан жетсе, кесімді шешім боларын айтады.
Данияр Манабаев, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:
Егер апатты деп, толық бітті оны алып тастау деген мәселе болса, біз біріншіден сондай жұмыстарды ұйымдастырамыз. Екіншіден, өтемақы или пәтер беру мәселесін көтеріп жатырмыз. Но, ол үйлерді тастамаймыз.
Түсірілім тобы жұмысын аяқтап, Астанаға жеткенде, қоңырау түсті. «Көптен күткен құжатта келіп жетті», – деген. Енді, құлайын деп тұрған үй сұлатылады. Оған дейін, бағалаушы мамандар, үйдің жай-күйін анықтап, есебін түзбек. Тұрғындарға тиесілі өтемақысын төлеу, я, басқа пәтер беру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл да болса, бір жақсылық. Енді, айтылған уәде орындалса деп тілейік. Бұл тақырып ұлттық арнаның тікелей назарында болады.
14 марта 2012, 22:03
499

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895