Оқушы өліміне қатысты қылмыстық іс Сот қарауында жатыр

Қызылорда облысының Төменарық елді мекенінде  аяусыз соққыдан көз жұмған оқушының өліміне қатысты  қылмыстық іс аудандық Сотта қаралып жатыр.  Бұл іске ұлттық арна араласқаннан кейін  күдіктілер қамауға алынып, оларға   айып  тағылған еді. Бірақ...

Бір қынжылатынымыз, 2 айда  2 мәрте  Сот-медициналық сараптамасы тағайындалса, енді  екі анықтаманың арасындағы алшақтық  тағы үшінші рет  мәйітті тексеруге әкелетін түрі бар. Бауыр еті  баласынан бір айырылып  қан жылаған ата-ана «бұған  рұқсат бермейміз», – деп отыр.
14 жастағы Медет Жасымбай өзінен жоғары оқитын сыныптың оқушыларынан оңбай таяқ жеп, тілге келмей кеткен болатын. Одан бері де 3 айдан асты. Осы уақыт аралағында 2 мәрте Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, айыптылар анықталды, жеткіншекті қыршыннан қиған екі күдікті құрықталды.
Асқар Кемалов,  Аудан прокуроры:
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеріміз жеткілікті. Іс бойынша жәбірленушілер, куәлар сұралды. Енді Сот сарапшыларынан тиісті жауаптарын алуымыз керек. Медет Жасымбайдың ата-аналарының келіспеуі негізінде қайта сараптама жасалды. Сараптамаға үш сарапшы қатысып, олар қорытындысын берді. Соңғы сараптама бойынша Медет Жасымбайдың өлімі жүректің ауыр соққысынан қайтыс болғандығын бекітіп болдық.
Алғашқы сараптамада оң бүйрегі мен сол жақ өкпесі жыртылып, ішкі ағзаларына қатты зақым келуі салдарынан көз жұмды делінген. Бұл жергілікті маманның медициналық сараптамасы. Ал, екінші рет Қызылорда қаласының сарапшылары зерттегенде жұдырықтап ұрғаннан жүрегі соқпай қалған деп жазған. Екі сараптама екі түрлі қорытындылағаны тағы бір дауға бастайтын түрі бар. Қайсысы қандай қорытынды тағайындаса да, ойларын ортаға салу үшін Сот отырысына екінші жақ бірдей келген жоқ.
Үміткүл Түкібаева, Медеттің анасы:
Ешқандай әділдік болмай жатыр. Құдайдың экспертизасының өзін бұзып тастаған. Қайтыс болған күні экспертиза жасады. Қырқы өткеннен кейін екінші рет көрден қазып алып, тағы жасады. Енді жаңадан дау-дамай туып жатыр, «үшінші рет тағы да экспертиза алуымыз керек», – дейді. Бұл не деген сұмдық?! Өлген баланы қайта-қайта көрден қазып алады, ал өлтіргендер тайраңдап жүреді. Сегіз баланың екеуі ғана қамауда отыр, алтауы кешірім беріп қойған деп жүр. Қарсымын, енді алдыртпаймын экпертизаға.
Ауыл үлкендерінің айтуынша, бұзақылық жасаған балалардың тәртібі нашар көрінеді. Бұл кездейсоқтық емес. Ойнап жүріп от басты десек те, сол күні Медет пен оның үш досын тепкіге салған сегіздің алтауы расында айыпқа тартылмаған. Ұсталған екеудің бірінің анасы да осыған налып отыр.
Несібелі Стамқұлова, айыпталушы азаматтың анасы:
Жалғыз менің балам кінәлі емес шығар деп ойлаймын. Барғаны үшін кінәлі ғой, бірақ, сегіз бала ұрып, ең соңынан барып балам: «Медико не болды?» дегенде, ол құлаған. «Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылады» болып тұр ғой.
Амангелді Түкібаев, Медеттің нағашысы:
Мұны енді ұзарта бермей, «қайтіп ұрды, үйтіп ұрды, бүйтіп ұрды» деп танып отыр. Бала солардың соққысынан өлгенін Сот сараптамасы көрсетіп отыр. Ары тартта, бері тарт қылудың керегі жоқ. Өз жазасын беру керек анау сегіз балаға. Басқа айтарым жоқ, айналайын.
Жағамызды ұстатқан жағдайды Ұлттық арна өз бақылауына алғаннан кейін, Жаңақорғанның тәртіп сақшыларынан бастап, прокурорларына дейін қимылдарын ширата бастады. Ә дегенде тергеуге алынбаған оқушылардың екеуі болса да, жауапқа тартылып жатыр. Сот шешіміне ықпал ете алмаспыз сіз де, біз де. Бірақ, әділ жазасын береді деген үміттеміз.
15 марта 2012, 22:37
727

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895