Елбасы ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесіне қатысуда

Бүгін Мәскеуде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың мемлекетаралық кеңесі пен жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Алқалы жиында Қазақстан, Ресей, Белорусь, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының Президенттері, бірыңғай экономикалық кеңістік пен келешекте құрылатын Еуразиялық одақтың жай күйін жан-жақты талқылады.

Биылдан бастап күшіне енген бірыңғай экономикалық кеңістік, бұл күндері сәтті жұмыс жұмыс істеп тұр. Ортақ кеңістіктің аясында келісілген салық, сауда, қаржы және кеден саясаты жүргізіліп отыр. Соның арасында үш ел арасында тауар, қызмет, капитал және жұмыс күші емін-еркін алмасуда. Әсіресе, бизнеске барынша жағдай жасалған Қазақстандағы орта, қазір өзге одақтастар үшін барынша тартымды.
Сергей Катырин, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:
Қазір қазақ, орыс және белорусь бизнесмендерінің әрқайсысы үшін, бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша, қай елде іспен айналысам десе де, таңдау мүмкіндігі бар. Дәл қазіргі таңда үш елдің ішінде Қазақстан қолайлы болып тұр. Себебі, біріншіден, қазақ еліндегі қосымша құн салығы мен заңды тұлғаларға арналған өзге де алым-салық барынша төмен. Екіншіден, инвестицияға тартымдылығы жөнінен Ресей 120 орында болса, Қазақ елі бізден 80 позицияға жоғары тұр.
Бірыңғай экономикалық кеңістік интеграцияның жоғары деңгейі саналғанмен, байланысты бекемдейтін түпкі меже – Еуразиялық одақтың құрылуы. Мамандардың басым көпшілігі бұл жобаның баянды болашағын болжап отыр. Тіпті, ресейлік саясаткерлердің арасында қазірдің өзінде, Еуразиялық телеарна, Еуразиялық Парламент құру мәселесі талқыланып жатыр.
Леонид Слуцкий, РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі Комитет төрағасы:
Менің ойымша Еуразиялық Одақ жобасы сәтті іске асады. Ол үшін барлық тараптар бірігіп, қиындықтарды бірге шешуге күш жұмсауы керек. Егер көзқарасымыз бір жерден шығып, бірлесе қимылдайтын болсақ, Еуразиялық одақ міндетті түрде құрылады. Және ол 21 ғасырдағы ең бір мықты, алып құрылымның біріне айналады. Еуразиялық одақ бірінші кезекте экономикалық мүддемізді бірлесіп қорғау үшін керек.
Енді, бүгінгі жиының барысына тоқталсақ, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың саммиты аясында мемлекет басшылары алдымен шағын құрамда кездесті. Содан соң, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың мемлекетаралық кеңесі және Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық Кеңестің отырысы басталды. Жоспар бойынша жиында мемлекет басшылары Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықты қайта құрылымдау туралы ортақ шешім қабылдауы тиіс. Бұл жолғы саммитің нәтижесі Еуразиялық интерацияға тың серпін береді деп күтілуде. Сонымен қатар, отырыс барысыда мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияның да жұмысын пысықтады. Ал, ертең Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің қазіргі Үкімет басшысы, сайланған Президенті Владимир Путинмен жеке кездеседі деп жоспарланып отыр.
19 марта 2012, 22:30
410

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895