Кәрістер қазақ тіліне құштар

Оңтүстік   Корея   Орта  Азия   мемлекеттерімен, соның  ішінде   Қазақстанмен    қарым-қатынас     аясын   кеңейтуге әзір.   Бұл  меймандос  елдің ықыласын кәріс студенттерінің қазақ тілін үйренуге деген  құлшынысынан-ақ  аңғаруға болады. Шығыстағы  Корё  елінде   қазақтың  тілін  оқытатын жоғарғы  оқу орындары бар.
Ұлттық арна  көрерменге  ұсынған   Корей  телесериалдары   көпшіліктің  көзайымына айналғалы қашан.  Әсіресе, тарихи  фильмдерді үзбей  көреді   көпшілік.
Қазір  Сеулдегі  «Ихуа» қыздар университетінде  оқып жатқан  Гауһар   ұлттық  арнадағы  7  бірдей   корей  фильмін   тәржімалауға қатысты.  Магистрант   тілді тереңдетіп оқып жатыр. Аудармашылықтан   қол үзген жоқ.  Біз тамашалайтын  әлі талай  фильмді  қазақша сөйлетеді.    

Гауһар Батырханова,  Сеулдегі   «Ихуа» Қыздар Университетінің магистранты:   
Алғашында тарихи сериалдарды аударып жүренбіз. «Ұлы ханшайым Сондок» сосын, «Қайсар ханша»  тағы басқа  киноларды аудардым.   

Өзге елдің  мәдениетін танып, тілін ұғуға  кәріс  жастары да құмар. Бұл елде  қазақ тілін  үйрететін   бір  емес екі   жоғарғы оқу  орны бар.  Бибігүл Әлиасқарова   шығыс мемлекеттегі   Пусан  шет тілдері  университетінде қазақ  тілінен  дәріс берген ең алғашқы ұстаз.

Бибігүл Әлиасқарова,  оқытушы:
Менің университетімде, бұл бөлімде үлкен қызығушылықпен бастады. Студенттерді алмасу ретінде біз Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетімен, әл-Фараби атындағы жоғарғы оқу орнымен  студент  алмасу жасадық.  Ол жақтағы студенттер бізге келеді. Біз Пуссаннан   сонда жібердік, екі жыл тілді үйренді.    

Ал, Хангук  университетіндегі  Орта Азия  факультетінің  «Қазақ тілі» мамандығына  осы  оқу жылында   отыз  студент қабылданды. Бір орынға  357  талапкер  таласқан.  Үміткерлердің саны жыл санап артып келеді.  Қазір  бірінші  курстағылар  қазақ грамматикасын  жіліктеп жатыр. Екі тілдің құрылымы    ұқсас.   Бірақ   тілді  тезірек   меңгеру үшін  кәрістерге қазақша үйрететін  әдістеме жоқ. Сондықтан,  студенттер негізгі қазақ тілін   орысша әдістемелерден  үйренуге  мәжбүр.

Сон  Ён Хун, Хангук Университетінің  Орта Азия тілдері кафедрасының меңгерушісі:
Бұрын кафедра ашылғанда    ҚҰУ   бізге оқулық жағынан, қазақ мәдениетіне   қатысты материалдар жағынан көп көмек берді. Қазір жаңа түскен  студенттерге   беретін оқулықтар аз.  

«Мақсатқа тек  жүрек қалауымен  ғана жетуге болады»  деп  үлкен тасқа қашалған  жазу бар университет алаңында.  Бұл кәріс  шәкірттерінің  ортақ ұраны.  Мұндағы студенттер тілді білумен  шектелмей, ұлттың болмысын тануға  күш салып жатыр. Әр студенттің  қазақша  аты да бар.

Пак Чё  Хе, студент:
Менің атым Әйгерім, Корейше атым   Пак Чё  Хе. Қазақ тілін Қазақстан мен Кореяның болашақтағы жақсы қарым-қатынасы үшін оқимын.

Чоң Соң Чоль, студент:
Мен  «Адай», «Балбырауын»   күйін,  барлығы  он жеті күй тартамын. «Адай»  күйі  ерекше ұнайды.  

Чой  Жоң  Еёң, студент:
Маған  қазақша  оқу аздап  қиын,  бірақ  өте қызық.

Корей елінің  жетекші  университетінде   әлемнің  45  тілі оқытылады.  Қазақ   тілі   2004  жылдан  бастап оқу  бағдарламасына енді.

24 марта 2012, 21:46
1917

Комментарии

И все таки мне кажется что нужно хорошенько подумать над ответом… Такие вопросы нельзя решать сгоряча!
пила Makita DPC7300

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895