С.Ахметов: Ірі ет комбинаттарының желісін құру қажет

«Қазақстан бойынша, ірі ет комбинаттарының желісін құру қажет. Бұл шаруалар әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді». Үкімет басшысының  бірінші орынбасары Серік Ахметов Ақмола облысына сапарында осылай деп мәлімдеді. Вице-премьер өңірдегі ауыл шаруашылық нысандарын аралады.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысымен танысты. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын жетекшілерімен кездесіп, ет экспортының әлеуетін бақылап көрді.
Бұл – «Астана Агропродукт» серіктестігі. Ақмола облысының бетке ұстар өндіріс орындарының бірі. Ет комбинаты жылына 5 мың тонна дайын өнім шығарады. Оның ішінде жартылай фабрикаттар, шұжық, ұлттық деликатестер сияқты ет өнімінің 100 түрі бар. Қазір бұл жерде 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Басым көпшілігі жергілікті Сабынды ауылының тұрғындары.

Әшім Хайруллин, «Астана Агропродукт» ЖШС директорының орынбасары:
Біздің мекеме 2010 жылы іске қосылды. Кәсіпорынның қазығы қағылғаннан бастап бірден ауылдың адамдарын жұмысқа тарттық. Ең алғаш келгендері 70 мың теңгеден жалақы алады қазір.

Өндіріс орны дайын өнімдерін еліміздің ірі қалаларына жеткізіп жатыр қазір. Ал, жыл соңына таман Ресей нарығына шығу жоспары бар. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов осы іспеттес ірі ет комбинаттарының желісін құру қажет деп есептейді. Өйткені, бұл шаруалар әлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Сондықтан, Ауыл шаруашылығы министрлігі жақын арада жобаның тұжырымдамасын құруға кіріседі.

Серік Ахметов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Дайын өнімді METRO халықаралық желісі арқылы сатып жүрсіздер. Сондықтан, еттің сапасына көңіл бөліңіздер. Өнім барлық стандарттарға сай болуы керек.

Вице-премьер Атбасар ауданына да ат басын тіреп, қазақтың ақбас сиырлары, Еділбайдың асыл тұқымды қойлары мен жылқы өсіріп жүрген шаруамен кездесті. «Бастау» серіктестігінде 12,5 мыңнан аса ірі қара мен ұсақ мал бар. Қожалық етті мал шаруашылығы бағыты бойынша жұмыс істейді.

Темірхан Мұқышев, «Бастау» ЖШС директоры:
Ангус тұқымды малды АҚШ-тан әкелу жоспарымыз бар. Осы жұманың аяғында 500-дей мал келуге тиісті. Күтіп отырмыз соны.

Еңселі Елорданың маңындағы «Нұра-Есіл» каналы жақында жаңа кейіпке енбек. Серік Ахметов мұндағы жұмыстарға да қанық болды.  Астананы сумен қамтамасыз ететін канал алдағы күзде толықтай қалпына келтіріледі.
«Нұра-Есілдің» қалпына келтіруіне 2010 және 2011 жылдары бөлінген қаржы бүгінде толықтай игерілген. Мердігерлердің қолына түскен биылғы ақша да жоспарға сай жұмсалып жатыр. Небәрі нысанның маңын абаттандырып, бойындағы жолдың құрылысын бітіру ғана қалды. Сондықтан, бұр жерде шаруа белгіленген межеден ертерек аяқталуы мүмкін.

24 марта 2012, 21:47
541

Комментарии

.Мне лично не очень понравилось .Если оценивать,то где-то 3/5
рингтон Puddle Of Mudd - Re:(Disc)overed скачать

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895