Сеулде Ядролық қаруға қарсы халықаралық форум ашылды

Бүгін жер-жаһан Оңтүстік  Кореяға  көз тікті.  Сеулде  Ядролық қаруға  қарсы  халықаралық  форум  ашылды.   Адамзатты  суық қарудан бас тартуға үндейтін, атом қолданылатын нысандардың  қорғанысын  күшейтуді көздейтін алқалы  басқосуға қазақ басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та   қатысып жатыр.
Президент бүгін Оңтүстік Корей басшысы Ли Мён Бакпен кездесті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті  Барак  Обамамен де жүздесті.
Ақ үй басшысы «Қазақстанды ядролық қарудан бас тартушы мемлекеттердің лидері», - деп атап өтті.
Қазақ президенті  Сеулде  бұдан екі жыл бұрын болды.  Ал,  Ли  Мён  Бак  Астанаға  өткен  жылдың  тамызында  келді.  Азия Жолбарысының   Орта  Азия  елдерінің   ішінде  бізге деген ілтипаты  бөлек. Қазақстан  Сеулдің  Азиядағы   жетекші  экономикалық  серіктесіне айналды.   Өткен жылы  алыс-беріс  бір миллиард   АҚШ  долларына жетті.   Бізде   кәріс капиталының  қатысымен    800-ден астам  бірлескен кәсіпорын  құрылып, байланыс  стратегиялық   деңгейге жетті. Олай дейтініміз, бұл тарап  Қазақстандағы   екі   жілікті  жобаға қатысты.   Бірі – Балқаштағы   су электр  стансасының құрылысы,  екіншісі – Атыраудағы Газ-химия  кешені. АҚШ президенті қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану идеясын жоғары атап өтті.
Барак Обама, АҚШ президенті:
Ресеймен, АҚШ-пен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, Қазақстан ядролық материалдарды қауіпсіздендіре білді. Соның нәтижесінде, бәріміз алаңсыз отыратын жағдайға жеттік. Қазақстанды атом қаруынан бас тартудан әлемде көшбасшы ел деп атар едім. Соған сәйкес, бұл мемлекеттің игі бастамасы  алдағы екі күнде осы кездесуге арқау болайын деп отыр.
27 марта 2012, 0:12
435

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895