ТМД Парламентаралық Ассамблеясына – 20 жыл

Биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығы Парламентаралық Ас­­самблеясының құрылға­нына 20 жыл. Ұйым 1992 жылдың 27 наурызда құрылды.  Осы уақыт аралығында мемлекетаралық құрылым интеграциялық  демократиялық үдерістердің дамуы мен бауырлас елдер кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті.  Бүгін Алматыда аталған құрылымға кіретін елдердің парламент  жетекшілері бас қосты.
Тәуелсіздікпен түйдей құрдас ұйым  20 жыл ішінде  мемлекетаралық құрылым лаңкестік, халықаралық қылмыс пен есірткі бизнесімен күрес үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастырды. Бұдан бөлек, депутаттар сайлау жүйесін жетілдіру бағытында қомақты іс тындырды.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте батыл бастаманы ұсынған болатын. Ол біздің елдердің арасында достық, көршілес және өзара пайдалы әріптестік қатынастардың тарихи тамырларын сәйкес құжатта бекіту үшін Алматы қаласында бұрынғы достастық республикалары басшыларының кездесуін өткізуді ұсынды. 20 жылдан кейін Алматыда мерейтойлық отырыста тағы да бас қоса отырып, Парламентаралық Ассамблея Достастық елдерінің көп жақты әріптестік қатынастарының тиімді механизміне айналғанын сеніммен айта аламыз.
Бауырлас елдер кейбір  мәселелер бойынша мүдделері ортақ екендігіне  тағы бір рет көз жеткізді. Келелі кеңесте  Қазақстан  Парламенті Сенаты мен РФ кеңесі ынтымақтастық жөнінде комиссия құру туралы келісімге қол қойды.
Қайрат Мәми,  ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Шарттың мақсаты – біз екі елдің заң шығарушы органдарының арасындағы жұмысты жандандыру. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, соңғы кезде, ТМД-ның арасында, әсіресе, Қазақстан мен Ресейдің арасында интеграциялық процестер өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Сол интеграциялық процестердің дұрыс жұмыс жасалуы үшін, тиісті заңдар керек. Оны жасайтын, оны қабылдайтын біздің заң шығарушы екі парламент. Мына комиссияның құрылуы осыған байланысты.
«Бүгінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып отырған Еуразиялық экономикалық қауымдастық сияқты интеграциялық бастамалар өзінің өміршеңдігін дәлелдеді»,– дейді Ресей Федералдық Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко. Ұйымның болашағы интеграциялық қатынаспен тығыз байланысты болғандықтан, аталған жобалардың барлығын құқықтық базамен, демеуге Парламентаралық Ассамблеяның әлеуеті жетеді.
Валентина Матвиенко, Ресей Федерациясы, Федералды жиналысы, Федералдық Кеңесінің төрайымы:
Осыдан тура 10 жыл бұрын Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуро Одақ құру туралы пікірін ортаға салды. Ол кездері Назарбаевтың бұл бастамасын қолдаған, әрі құптаған мемлекеттер аз болды. Көбі күдікпен қарап, сенімсіздік танытты. Дегенмен, азғантай уақыт ішінде Еуро Одақ өз жемісін беріп, оған мүше мемлекеттер биік белестерді бағындыра білді.
«Ұлт боламын десең, ұрпағыңды ойла» деген ұғмыды  берік ұстанған өкілдер ТМД Жастар Парламентаралық Ассамблеясын құруды жуық арада қолға алмақ. Бұл ұсынысты кеңес мүшелері бір ауыздан қолдады. Иә, осындай тың идеяларды жүзеге асыруға қадам басқан мемлекетаралық құрылымның мүшелері  мерейтойлық отырыстың соңында бірлескен үндеу қабылдады. Жиын соңынан  Парламентаралық Ассамблеяның бір топ мүшесі мерейтойлық  орденімен марапатталды.
27 марта 2012, 23:04
3222

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895