Бүгін – халықаралық театр күні

Бүгін – халықаралық театр күні. Кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнаның арғы жағы мен бергі жағындағы қызметкерлер жаппай мерекелейді бұл күнді.
Осыдан 51 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен конгрессте 27-ші наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн санапты. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіледі.
«Театр киім ілгіштен басталады» деген тәмсіл бар. Әрине, бұл пікірде көрермен мәдениеті туралы астарлы ой жатқаны аян. Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де осы театр сахнасынан ұғынасыз. Сондықтан да болар, театр өнері саф өнерге баланады.
«Әз-әзіл» - абсурд жанрындағы қойылым. Басты ролде - Бақыт Исабекова.21 жылдық тарихы бар өнер ордасында алғаш сахналанған «Ақан сері – Ақтоқтыда» да басты рольді шебер сомдауымен халық ықыласына бөленген еді. Міне, содан бері қасиетті өнер шаңырағында табан аудармастан еңбек етуде. Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлікті, Қобыландының сүйіктісі – Құртқа,  «Махаббат поэзиясы»  қойылымныдағы Танакөз ару. Бақыт Арынғазықызы осы сынды сан мыңдаған қазақ әйелінің бейнесін сахналаған жан. Өнер саңлақтарымен бірге талай драмалық шығармаларды биікке көтерді.
Бақыт Исабекова, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі:
Бар ойың халықтың алдына шығатын  кейіпкеріңнің табиғатында болады. Өзің ойланып, толғанасың. Мұның бәрі жәй келмейді ғой. Кішкентай бір қас-қағым сәттің бірі қаншама дүние, қаншама өмірді айтасың. Мен өте қатты қуанамын. Қазір біздің залымыз толы. Әсіресе, жастарымыз көп келеді. Ол қуаныш қой. Өзінің тілін, ділін үйренуге талпынуы. Мысалы, бір спектакльді көру бір кітапты оқығанмен бірдей. Кей- кезде жастар келіп, ойы, жан дүниесі өзгеріп шығады.
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрыныңәртістері үшін бүгін қос қуаныш. Кәсіби мереке өз алдына, іргелі өнер ордасына бүгін академиялық мәртебе берілді.
Еркін Жуасбек, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры:
Бұл үлгілі, ең озық театрларға берілетін мәртебе. Қазақстандағы осындай 5-6 театрдың қатарына косылып жатырмыз. Біз үшін тек қана мереке емес. Жеткен жетістігімізді, кетірген кемшілігімізді бағамдайтын, бір-бірімізді көтермелеп, қолпаштайтын жақсы мереке.
Театр жақсы пьесамен тыныс алады. Ал, мұндағы негізгі еңбекқор – актер. Режиссердің ой-қиялының орындаушысы да, оны көрерменге жеткізуші де актер. Сондықтан, үзбей ізденуді, тынбай еңбек етуді талап қылады бұл өнер. Сахна саңлақтары бүгін құрметке ие болды.
Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Ұлы өнердің ұлықталар күні.
27 марта 2012, 23:07
1230

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895