Алматыда жарылыс ұйымдастармақ болған лаңкес құрықталды

Еліміздің Бас прокуратурасы мен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті наурыздың 24 күні Алматы қаласында болуы тиіс террорлық әрекеттің алдын алды. Қазірдің өзінде бұл бүлікті кім ұйымдастырмақ болғаны анықталды. Әрі лаңкестік әрекет арқылы нендей мұратқа жетпек болғандардың бар мақсат-жоспары да әшкереленді.
Лаңкестікті ұйымдастырмақ болған адам – Александр Павлов. Ол БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың жеке күзетін басқарған. Арам ойын жүзеге асыруды 2011 жылдың қыркүйегінен бастап ойластырған. Радикалды топтармен байланыста болған. Қазір «осы іске қатысы бар» деген күдікпен біраз адам ұсталып, кінәларын мойындап жатыр.
Халықты қорқыту мен үрейге бөлеу, аласапыран мен дүрбелең жағдай орнату. Елдің тыныштығын бұзып, ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға жол ашу. Жүзеге асырмақ болған терактының көздеген мұраты осы. Ал, ұйымдастырушы – 1975 жылдың тумасы, БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың жеке күзетшісі Александр Павлов. Павлов 2005 жылдан бастап Қазақстанның құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген тұлға. Бұрынғы банкир Әбілязовтың сеніміне кірген және оның жеке құпия тапсырмаларын орындаумен айналысқан.

Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
Терроризм және экстремизм актілерін ұйымдастыру жөнінде жоспарларды олар 2011 жылғы қыркүйектен бері ойластырып келген. 2012 жылғы Наурыздың басында олар өздерінің сыбайластарына Алматы қаласының қоғамдық жерлерінде, оның ішінде саябақтар аймағында және әкімшілік ғимараттарының жанында жарылыстар топтамасын жасауды тапсырған.

Тапсырысты Павлов тікелей бұрынғы банкир Әбілязовтан алған, ал, жүзеге асыру үшін радикалды топтармен байланысқа түскен. Жарылыстың өрті шарпуы тиіс мекен-мекемелердің де тізімі түзіліп қойылған екен. Ол бойынша: Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы отбасылық саябақ «Family»-де, сондай-ақ,  жарылғыш заттарды әл Фараби даңғылындағы жаяу жүргіншілер өтпелерінде де орналастырмақ болған.

Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
Терроризм актілерін ұйымдастыру үшін Павлов 25 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат бөлген. Оның 15 мың доллары орындаушыға берілген. Қалған 10 мың долларын терактілер жасалғаннан кейін беру жоспарланған.

Дәл қазір, аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-бабының 1-ші тармағы терроризм бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Бүгінде бірқатар кісілер ұсталып, кінәларын мойындап, айғақ беруде.

28 марта 2012, 21:40
775

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895