Қалың қалай, қазақ блоггері?

Ақпараттық технологиялаp дәуірінде ноқтаға басы симайтын, бақылауға көнбейтін ғаламтор деген өзінше бір әлем бар. Жаһанды жаулаған сол ғаламторды дұрыстап игерсек игілігі көп-ақ, алайда, әзірге ол қолдан келмей тұр. Ғаламтор арқылы бейәдеп көріністер көпшілікке таралып жатыр, азаматтарымыздың ар-ожданы тапталып жатыр, ғаламтор арқылы шығармашылық иелерінің авторлық құқығы бұзылып жатыр. Тіпті, әлемдегі түрлі ұлтаралық, дінаралық дүрдараздықтарды қоздыру, ереуіл мен бұлғақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік желілердің ықпалы басым. Сондықтан, көптеген мемлекет ғаламторды бақылауға көшті. Бұл өз кезегінде ақпараттық кеңістікке тыңнан қосылған осынау саланың өркениетті дамуына кепіл болмақ. Тек бостандығын шектемесе болды. Бүгінде телевизия мен мерзімді басылымдардың өзін ығыстырмаққа жанталасып жатқан жанкешті саладан қазақтың да алар үлесі көп. Статистика агенттігінің мәліметінше, қазір еліміздегі интернет желісін пайдаланушылар саны 9 миллионға жуықтады. Әлеуметтік желіні қолданушылар бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр. Кезінде компьютер пернелерін қорқа-қорқа басатын аға буын өкілдері бүгінде блог жүргізетін деңгейге жетті. Ал жастар, тіпті, анасының құрсағынан компютер құшақтап туғандай виртуалды әлемсіз мына өмірді елестете алмайды. Соңғы кездері «қазақ блогшылары» деген өзінше бір әлеуметтік топ пайда болды. Батыс елдеріндегідей  қоғамда бедел жинай қойған жоқ, бірақ, халықтық ой-санаға ықпал ететін қауқары бар. Бүгінге дейін олар екі мәрте бас қосып, құрылтай өткізді. Болашақта қазақ блогшыларының одағы, қауымдастығы құрылып жатса таңғалмаңыз. Қазақ блогшылары деген кім?

Жеңіс Нұрдәулеттің жаһандық желіге енгеніне бірнеше сағат өтті. Студент. Сондықтан талаптану, іздену, машықтану оған тән. Әрі, әлемтор торабындағылармен әркез пікір алмасу күнделікті тірлігі. Ақпараттық кеңістік тілімен айтсақ, блоггер. Блог әлеміндегі оның аты да өзгеше.
Нұрдәулет Жеңіс, блоггер:
«Монтажердің жазбалары», сосын «Елінің Есдәулеті», «Нұрлыбектің блогы» деген жігіт көп нәрселер жазады. Ойға түйетін нәрселері көп. Сол жігітпен мен танысқым келеді.
Желіде жиі жолығатыны болмаса,блоггерлердің бас қосуы тым сирек. Сондықтан, құрылтайдан қалғысы жоқ. Виртуалды әлемнен шығып, шынайы өмірде жүздесуге асық. Тұңғыш блог құрылтай былтыр Алматыда өткізілген еді. Қазақ блоггерлерінің бұл екінші мәрте бас қосуы. «BlogCamp-2012» шарасына биыл еліміздің әр аймағынан 150-ге жуық блогшы жиналды.
Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі:
Қазақ блогшыларының ынтымақтастығын арттыру. Бұл кездесу алаңы, танысу алаңы.
Бүгінгі қоғамда «блог» ұғымы кең таралып келеді. Батыстан бастау алған бұл үрдіс ақпарат ғасырында тарыдай әлемге тез тарады. Тіпті, қажеттілікке айналып үлгерді. Бұл жаңалықтан қазақстандықтар да қалыс қалған жоқ. Қуаныш Мағзуов - еліміздегі алғашқы блогшының бірі.
Қуаныш Мағзуов, әлеуметтік желінің жоба менеджері:
Жеке блогта әркім,өзінің  өз басына қатысты дүниелерді жазады. Ол, мүмкін, жаңа алған техникасы жайлы ой-пікір бөліседі. Ал, кәсіби блогқа келер болсақ, ол оқырмандарын таныс да, танымаса да, жалпыға арналады. Ол енді белгілі адамдар, жұлдыздар болуы мүмкін.
Ол - ақиқат, ғаламторда не көп, «жұлдызды» блог көбейді бұл күні. Күнделікті тірлікте «не істеп, не қойғанына» дейін ашық жазатын әнші, биші, күйші, тіпті, белгілі саясаткер де осы жерден табылады. Бұл халықпен байланыс орнату әдісі, екінші жағынан ақша сұрамайтын имиджмейкер, әлде пиар.  Осындай «жұлдызды» блог авторларының бірі ақын Қалқаман Сарин.
Қалқаман Сарин, ақын:
Шығармашылық тұрғыдан имидж қалыптастыруға әсері бар сияқты. Өйткені, интернет бүгінгі қоғамның басты құралына айналып отырғаннан кейін оның тұтынушылар көп. Оқырмандарым  осы сайт арқылы менің шығармашылығыммен танысып жатыр.
Ал, дамыған елдерде бізге қарағанда блогтың қолданысы кең. Ақпараттық технологиялардың жетістігін өз пайдасына жарата білетін кәнігі блогшылар бұл ресурсты бизнес көзіне айналдырған. Түрлі тапсырыс алып, жарнаманы әп-сәтте жаһанға жария етеді. Ал біздегі интернет тұтынушылар блогты әзірге жеке басын жарнамалауға ғана жарата алуда.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:
Менің ойымша, өзіміздің блог платформа жасайтын уақыт жетті. Мемлекет талай қаржысын бөліп жатыр. Біздің кемшілік - осы өзіміз бөлек блок платформа жасауымыз керек. Дүниежүзіндегі қазақтар сол жерде блогтарын ашатын болса, әр жермен байланыс, бір жақсы ақпараттық алаң болар еді.
Құрылтайға арнайы келген қытайлық қандасымыз Ақытбек Шеризатұлы жат жұрттағы ағайынның аманатын арқалай жетті. 2 млн.-ға жуық қандасымыз үшін ана тілде 40 сайт жұмыс жасайтын көрінеді. Соның бірі «Сен қазақ» аталады.
Ақытбек Шеризатұлы, «Сен қазақ» сайтының жетекшісі:
Шалқар, Қазақ радиосы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының онлайн нұсқасын  тікелей көреміз. Тыңдау мен есту жағы да барлық қазаққа ортақ қой. Ал, енді жазуға келсек, кириллицадағы дүниелерді біз «Сен қазаққа» төте жазуға айналдырып қотарып апарамыз. Егер де дүние жүзіндегі қазақтарда бір ортақ жазу болатын болса, онда қандай жақсы. Шіркін, сол күн қашан туады деп армандаймыз ғой.
Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі:
Шетелдегі қазақтар түгілі Қазақстандағы ақпарат құралдарының өзі бір ұғымды әр терминде қолданады. Мысалы, семьяны отбасы деп ұсынды. Оны кейбір газеттер жанұя деп қолданады. Кейбірі үйелмен деп қолданады. Терминком ұсынған терминдерді мемлекет бекітіп беретін болса жақсы болар еді.
Веб-терминдер сөздігі түзілсе, ортақ әліпби қолдануға мүмкіндік берілсе,-дейді блогшылар. Әлемдік ықпалдастыққа ұмтылған сәтте латын әрпінің негізінде түркілік ортақ әліпби жасау мәселесі көп жылдан бері күн тәртібінен түспей келеді. Себебі, ғаламдық желі ішінде ана тілімізде толық жұмыс жасай алмай отырғанымыз жасырын емес. Бұл мәселеде мемлекет бір шешімге келгенше Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы ұлттық әліпби таңбаларын пайдаланып «Қаз» атты жаңа доменді іске қосты.
Нұрлан Исин, қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығының президенті:
Латыналфавитіне көшеміз деп әлі ешкім айтқан жоқ. Оны тосып отырсақ, отыра беретін түріміз бар. Ал, жұмыс істеу керек. Көшіп жатсақ, латындық доменге көше береміз.
Енді ғаламтор желісіндегі мекен-жай жүйесінде ұлттық әліпбиді пайдалануға толық мүмкіндік туды. Мәселен, мемлекеттік органдар үшін МЕМ.ҚАЗ, білім беру мекемелері үшін БІЛ.ҚАЗ, коммерциялық ұйымдар үшін КОМ.ҚАЗ, байланыс кәсіпорындары үшін БАЙ.ҚАЗ домендік есімдері қолданылады. Мемлекеттік тілді блог жүйелері өріс алған сайын кем-кетікті жөндеуге деген талпыныс жоғары, қуантатыны сол. Блоггерлердің басым бөлігі жастар. Әсіресе, журналистика факультетінің студенттері. Болашақ тілшілер блог арқылы бүгінгі журналистиканың майталман мамандарымен тілдесе алады. Ақыл сұрап, пікір алмасады.
Мейрамхан Жәпек, «Қазақстан» РТРК» АҚ веб-ресурстар бөлімінің бастығы:
Kaztrk порталындағы блогшылардың саны қазірдің өзінде 38. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы болғандықтан оның ішінде радионың да, телеарнаның да жеке блогшылары бар. Қазақ тілді аудитория өзінің үлесін ары қарай қосуы керек.
Ұлт мүддесін ұлықтап, тарих тағылымын дәріптеген блоггерлер баршылық. Бастама Батыс Қазақстаннан бастау алды. «Қыздар әлемі» атауына ие болған жаңа блог портал қыз бала тәрбиесіндегі ұлт тағылымы жайында мәлімет береді.
Айгүл Медешова, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің деканы:
Бұл порталда интерактивтілік, сұрақ-жауапта біздің пайдаланушылардан көптеген сұрақтар келіп түседі. Мысалы, қыз баланың тәрбиесіне қосып отырған үлесіміз.
Пайымдап қарағанға, пайдалы ақпарат аз емес. Ендігі іс көңілге тоқып, санаға сіңіруде. Бір әттеген-айы - желідегі жерлестеріміз өзге елдің интернет ресурстарын көп қолданатын болып шықты.
Виртуалды байланыс. Қазірдің өзінде «В контакте» ресурсының 1,5 миллион қазақстандық пайданушысы бар көрінеді. Тағы бір әлеуметтік желі - «Facebook». Мұнда 270 мың қазақстандық аккаунт тіркелген. Ал, «Мой мир» атты әлемтор бетшесін 3 миллионнан астам қазақ азаматы қолданады. Бұл елдің интернет-пайдаланушыларының шамамен 70%-ын құраса керек. Демек, осыншама қазақстандық ақпараттық кеңістіктің әлі де болса, өзгенің ресурсына қарайлап, жалтақтап отырғаны бұл.
1 апреля 2012, 22:51
885

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895