Семейдегі сынақ тауқыметі

Сонымен Сеул саммиті де аяқталды. Жоғары деңгейдегі басқосу нәтижесінде ядролық қауіпсіздік пен ядролық лаңкестік қатерін төмендетуге бағытталған қорытынды құжат - коммюникеге қол қойылды. Болашақта мұндай жиын Астанада өтуі мүмкін. «Бұған біздің ел әрқашан дайын» деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз арасында. Сонымен қатар, Президент «Үлкен сегіздік» елдерін жаппай қырып-жоятын қа­ру­ға қарсы күш біріктіруге үндеп, өзгелерге де арқаны кеңге салып жүре бермей, антиядролық саясатта тездетіп тізе қосуға шақырды. Түрлі құжаттарды сиырқұймышақтатып, көпке созбай, ратификациялау керектігін айтты. Ядролық қарудан бас тарту - атом энергетикасын тоқтату деген сөз емес. Мысалы, қазір әлемнің 40 мемлекеті атомды бейбіт мақсатта қолдану үшін зерттеу жүргізіп жатыр. Ал, 15 шақты ел атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Арасында Қазақстан да бар. Сондықтан қатерлі қару жасау мен экомикалық қажеттілікті шатастырмау керек. Бірақ, мұнда да қауіпсіздікті ұмытпаған жөн. Фукусима қасіреті көпке ой салуы тиіс.

Жаннұр - жасына жетпей жатып зейнеткерлік куәлік алған. Туғанынан төсекке танылған оны жиырма жастағы бойжеткен деп кім айтады? Жиырма жыл бойы керуетті серік еткен қызының тағдыры шерменде ананың жүрегін тілгілейді. Жалғызы жабығып жатқанда, ана байғұс елжіреп еркелетіп алады.
Майра Жұмагелдина, Жаннұрдын анасы:
Бір жерде бір мамандығын алып, жұмысын істеп жүрер еді. Қайтейін, сосын мына полигонның зардабын шегіп, жиырмаға келді, міне, Жаннұрым, төсек тартып жатыр міне.
Қазаққа Абайдай аяулысын сыйлаған Ұлы дала 40 жыл күңіренді. 40 жыл кесапат көрген киелі мекен мынадай қасірет алаңына айналып, абайшыл, арманшыл күллі ұрпақтың тағдыры талақ етілді. Мынау - Хиросимада болған  жан түршігерлік жарылыс. Ал қазақ жерінде жүргізілген алапат сынақтардың жалпы қуаты жапон еліне тасталған атом бомбасынан 2 жарым мың есе артық екен. Енді салыстыра беріңіз.
Аркадий Ильенко, генерал, полигон басшысы:
Бізді «өз халқына атом соғысын жариялады» деп айыптайтындар бар. Меніңше, бұл қате пікір. Біз тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасадық.
Қазақ халқына азапты қасірет әкелгенін кеңестік шен-шекпенділер ақыры мойындамай-ақ кетті. Империялық амбициясы өктем отаршыл билік озбыр саясатын астыртын жүргізді, соның салдарынан Дегелең тауын паналаған 1 жарым млн. астам халық зардап шекті. Семейдегі полигонды жабу жолында жазушымыз Әнуар Әлімжановтың күрескерлік танытқанын біреу біліп, біреу білмес. Лондондағы биік мінберден ол былай деп ашына сөйлеген еді:
«Атом жарылысы қай жерде жасалса да, менін тауқыметті көп тартқан халқымның жүрегін сығымдайды. Себебі, жарылыстың әрқайсысы жеріміз бен суымызды улады, халқымызды касіретке ұшыратты, тіпті, ана кұрсағындағы нәрестелерді мүгедек қылды. 467 жарылыстың әрқайсысы менің халқымның мәдени бесігінде - аяулы өңірімде онын келісімінсіз жасалып, намысын аяқасты етті».
Осыдан жиырма жыл бұрын атом үні қазақ даласында мәңгіге өшті. Президент полигонды жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шын мәнінде Кеңестер Одағы тарамай тұрып, Қазақ елінің тәуелсіздігін паш еткен тұңғыш құжат болды.
Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры:
Бұл шешімді қабылдау, саяси тұрғыдан қабылдау оңайға түскен жоқ. Өйткені, алпауыт елдер, әскери өнеркәсіп комплекстері ол кездегі ,СССР-дың жарқыншақтары, үлкен генералдар, оның ар жағындағы үлкен саясаткерлер өте қарсы болды. Осылардың бәрін ескермей, алысты меңзеп, келешегіміздің барлығы қарусыз, бейбіт Қазақстанда екендігін паш ету үшін осы жарлық қабылданды.
Қазақстан бейбіт жолмен өркендеп-өсуді таңдады. Өркениетке батыл көш түзеген еліміз бірінші кезекте ядролық апат аймағындағы халыққа әлеуметтік көмек беруді қолға алды. 20 жылда жаралы мекенге 34 млрд.-тан астам қаржылық көмек көрсетілді. Десе де, радиациялык індеттің із-түссіз кетпегені мәлім. Зиянды сәуле алған бірінші толқыннан тараған ұрпақ полигонның зардабын әлі тартып келеді. Онкология, жүрек-қан тамыры, обыр ауруына шалдыққандар азаймай отыр.
Талғат Молдағалиев, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:
Біз ата-әжелерінен бастап, яғни, полигонның зардабын тартқан бірінші  толқыннан бері зерттеп келеміз. Сырқаттардың кейбір түрі радиациялық залалдарға тікелей қатысты. Ондай аурулар бірінші ұрпақтан кейінгілерге де, балалары мен немерелеріне де беріледі.
Радиациялық ғылыми-зерттеу институтында 197 мың сырқат тіркелген. Ал институттың емдеу орнында бір жылда 800 ғана тұрғын стационарлық көмек алады. Бұл жеткіліксіз. Тұрғындардың айтуынша, «Халыққа әлеуметтік көмек беру туралы Заңын» әлі де жетілдіре түсу қажет. Ядролық сынақтан зардап шеккен аймақта бұдан да басқа шешілмей тұрған әлеуметтік түйткілдер көп.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі:
Семей ядролық полигонына жақын елді мекендерде тұрып жатқан халыққа біз әлі де болса біз мына медициналық көмекетің көлемін арттыруымыз керек. 

Өміржан Кұспанұлы, Абыралы ауылының тұрғыны:
Анализ алғанда біздің өзіміздің бойымызда 1100 баррель сәуле бар.  Сондықтан осының барлығын ойластыра келіп, Абыралы елін төтенше аймаққа қосса деген ниеттері бар халықтың.
Қазақстан уран қорына бай ел ретінде оны бейбіт мақсатта қолдана отырып, ядролық энергетиканы дамытуды колдайды. Қазақ елінің басшысы «ядролық өнімді әскери мақсатқа қолдануға тиым салатын келісімді бекіткен жөн» дейді. Ядролық тажалмен күрес кешеуілдей беретін болса, әлем алауыздықтан арыла алмасы анық.
Юрий Тавровский, саясаттанушы, Мәскеу:
Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың саммит кезінде Қазақстанда ядролық отын банкін құру туралы ұсынысы үлкен әсер қалдырды. Әрине, бұл бастама бірінші рет айтылып тұрған жоқ. Алайда, оның маңыздылығы сол, ядролық отын банкі көптеген елдерге ядролық энергетиканы бейбіт мақсатта дамытуға мүмкіндік береді.
Солтүстік Корея әзірге райынан қайтар емес. Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты кереғар пікірлер, Пәкістан мен Үндістан арасындағы текетірес, лаңкесшілердің осынау зұлмат қаруды иеленуге деген ұмтылысы ядролық тажалмен күресте әлі де замануи, әмбебап кұжаттардың қабылдануын талап етеді. Ғалымдардың зерттеуінше, жер бетінде әзәзіл қару қолданылатын болса, адамзатқа аманатқа берілген құс жолындағы ең сұлу планетамыз сансыз бөлшекке ыдырап, мына аққан жұлдыздай шексіздікке шашырап кетеді екен. Біз, адамдар, гумманистік санамыз қалыптасқан бүгінгі заманда ядролық қарусыз әлем құра аламыз ба?
1 апреля 2012, 22:54
1125

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895