Картоп жыры немесе ұстаздар мұңы

 

Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалімдер еңбекақысының орнына шіріген картоп беріп жатыр. Соған қарағанда, Еуропадағы экономикалық дағдарыстың кейбір элементтері Шымкентке жеткен секілді. 90-жылдардағы алғашқы дағдарыс есіңізде шығар. Кейіннен «тоқырау жылдары» деп өзімізше ат қойып, айдар таққан сол кезде жалақыға орап, түрлі тауар беретін. Дүкен сөресінде өтпей қалған азық-түлік, киім-кешек, колхоз-совхоз қоймаларындағы қалған-құтқандар осылайша халыққа таратылатын. Қап-қап ұн, көкөністерге қарық болатын бұқара оларды жегенінше жеп, жемегенін біреуге сатып, ақша қылып, өтпегенін тышқан кеміріп, әйтеуір, «табан ақы, маңдай термен» келген есіл дүниені жабылып жатып тауысатын. Оңтүстік Қазақстанда тура сол сценарий үтір, нүктесі дейін айнымай қайталанды. Қыс бойы қоймада сақталып, жарамсыз күйге түскен картопты ұстаздарға беріп, әлдекімдер ақша үнемдемек болды, есесіне, абыройсыздыққа ұрынды. Мұғалімдер әуелгіде көнбістік танытып, басшылықтың айтқанын орындаған. Артынша мінез көрсетті. Осынау келеңсіз тірлік көптен қордаланған көкейдегі қыжылды қоздыра түсті біздің. Неге біздің қоғам оңтүстіктің шенеуніктері секілді ұстаздарға шекесінен қарайды? Неге мектеп мұғалімі сабақ үстінде соққыға жығалады? Неге  заманында №1 интеллигент атанған мұғалім мамандығының қадірі түсіп кетті?

«Жаққан білім шырағын, картоп жейді мұғалім». Шымкенттік ұстаздар жалақының орнына шіріген көкініс алып жатыр. Үйіне бір қап картоп арқалап қайтқан көп ұстаздың бірі осы Меруерт. Жеуге жарамды болса, жалпақ жұртқа жар салмас та еді. Тек, ақ-адал еңбегі шіріген картопқа бағаланғаны жанына батты. Шымкенттік шенеуніктердің шикі тірлігіне ыза болған ұстаз бұғып қалмай, бар былықтың бетін ашты.
Меруерт Сұлтанбекова, Шымкент қаласындағы №25 мектептің мұғалімі:
Өзімнің 17 сағатым бар, ставкаға толмайды, папамдікі - 9. Әкеме - жиырма килограмм, маған да жиырма килограмм картошка беріп қойды. «Қырық килоны арқалап кет үйіңе» деп  күліп, мысқылдағандар да болды.

Қаладағы №25 мектептің басшылығы мұғалімдерді мамыр айының жалақысы есебінен жиырма келіден картоп сатып алуға мәжбүрлеген. «Айтқанға көнбейтіндер жұмыстан қуылады» деп қорқытатын көрінеді. Басшылықпен тайталасуға дәті бармағандардың көбі көнерген көкөністің келісін 45 теңгеге амалсыз сатып алуда.
Сағира Нұрбекова, ОҚО мұғалімдері тәуелсіз кәсіподағының төрайымы:
Осы жерде жұмыс істейтін адам алады бұл өнімді. Алмайтын адам онда жұмыстан шығарылады деп айтылған.
Шіріген картоп дауы ауылдан да алыс кетпепті. Ұнжырғасы түскен ұстаздар мұғалімдердің тәуелсіз кәсіподағынан араша сұрауға мәжбүр. Таяу күндері барлығы бас қосып, Үндеу жарияламақ. Білгіштердің айтуынша, қоймаларда бекер жатып, семіп қалған көкөністен құтылу үшін жергілікті билік осындай қадамға барған. Бірақ, әкім-қаралар бұл жалған ақпар деп отыр.
Бейбіт Оспанов, ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы:
Мұндай бұйрық, шешім ешкім қабылдаған жоқ. Әкімшілік тарапынан да берілген жоқ. Бұл жай дақпырт сөз .
Жаңыл Жонтаева, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директоры:
Білім басқармасы бастығы Ешееваның қолынан бізде қағаз бар. Бұны Білім басқармасынан ондай тапсырма берілмегендігі. Біздің Білім министрлігі мен жергілікті атқарушы органның жұмысын шатастырмау керек.
Игі жақсыларымыздың жауабы, міне, осы. Япырмау, сонда ұстаздарымыздың құқығын кім қорғайды? Кім оларға араша түседі? Ұрпақ тәрбиесі атты ұлық міндетті атқарып жүрген ұстаздардың жалған айтып, жаппай дау шығарып, жала жабуы мүмкін бе? Бұл тіпті қисынға келмейді. «Бұл - жалған» деген жалтарма жауаптың артында не, кім тұр. Түсінбедік.
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді:
«Оқушы» деген қап емес, ішіне не болса, соны сыйғыза беретін, ол - шамшырақ, тек жаға білу керек.
«Оқушыларының шамшырағын жағамын» деп жүріп, жағасы жыртылған ұстаздардың бірі - Асхан Шәметов. Оқушысына сәл ғана ескерту жасаймын деп шәкіртінің ағаларынан оңбай таяқ жеді. Балалардың алдында соққыға жығылуы – жан-дүниесін жегідей жеді. Көпке дейін өз-өзіне келе алмады. Бұл масқараға жүрегі шыдамады ма, көп ұзамай Асхан ақыры мектептен кетіп тынды.
Асхан Шәметов:
Ұстаз бола тұра, мені оқушылардың көзінше ұрғаны. Ең жаныма батқаны сол.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
Оны соққыға жыққан екі ағайынды жігіт тұтқынға сол күні алынған болатын. Бұл үш жылдан бсе жылға дейін бас ботсандығынан айыру мерзімі.
Асхан ұстаздық еткен Алматыдағы №52-ші мектепті іздеп барсақ, күні кеше болған мектеп те, оқушылар да ізім-ғайып жоқ. Онда құрылыс жұмыстары басталып кетіпті. Хадисте сөз бар: бір әріп үйреткен адамға, қырық жыл тағзым ет деген. Қираған мектептің бір бұрышында Асхан ұстаздың да ең ізгі арманы құлап кетті ме екен, кім білсін. Ол ұстаздық етуді армандап еді ғой.
Ғабиден Ильясов, Ақмола облысы, Талапкер ауылының мектеп директоры:
Қазір қатты да ескерту жасау бізге қиындау. Өйткені, ата-ана оны басқаша түсінеді.

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді:
Шіркін-ай, барлық адам баласы осындай болса, өмір тіпті тамаша болар еді.
Ал алматылық мұғалім Айнагүл Сапақ үшін баспана басты арманға айналды. 11 шаршы метр ұядай жерді пана тұтқандарына 25 жылдай боп қалыпты. Үш бірдей қызғалдақтары өсіп келеді. Ұстаз ананың жанына бататыны сол. Ал ипотекаға үй алайын десе, жолдасы екеуінің қаржысы жетіңкіремейді.
Айнагүл Сапақ, Алматы қаласы №145-ші мектептің мұғалімі:
Бір бөлменің ішінде оқимыз, ұйықтаймыз, бір бөлменің ішінде ойнаймыз, балаларды жатқызып түнгі он бір, он екіден кейін, не болмаса осы бөлменің ішінде свет жағып қойып отырамыз. 
Филология ғылымының докторы Темірхан Тебегенов те баспана тауқыметін бір кісідей біледі. 1991 жылы Алмтыға жұмысқа шықырылған ғалым жиырма жыл бойы үйсіз-күйсіз жүрді. Тек былтыр жасы алпыстан асқан кезде ғана жеңілдетілген несиемен үй алды.
Темірхан Тебегенов, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Қоғамдағы мұғалімнің беделі ол тұрмыс жағдайына  байланысты. Ғылым кандидаттары, доценттер базарға тұрып, саудаға шыққанын мен өз көзіммен көрдім. Кейбір кекесін, мүсіркеу сөздеріне қарамастан мен тастамаймын өз қызметімді. Мұғалімдік қызметті өмір бойы атқарып келгенімді өзім мақтан тұтамын.
Білім министрлігі ұстаздардың мәртебесін көтеріп, біліктілігін арттыруға биыл шындап кірісті. Егер бұрын бір мұғалімді даярлауға 17 мың теңгедей ғана жұмсалса, қазір бір мұғалімге 1 миллион 700 мыңдай кетеді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтары толығымен жойылып, оның орнына «Өрлеу» акционерлік қоғамдары құрылуда. Білім министрлігінің мамандары Кембридж университетінің сарапшыларымен бірігіп арнайы бағдарлама әзірлеп шықты. Басты мақсат - жаңаша көзқарастағы ұстаз дайындау. Осы сәуірден бастап отандық алты мың мұғалім үш кезеңнен тұратын курстарда оқытыла бастады.
Жайна Рүстемова, жаттықтырушы:
«Қазақстандық мұғалімдер, сіздер, қателесуден қорқады екенсіздер» дейді, Сіздердің түсініктеріңізше, қателесу деген мүмкін емес деп. Ал  негізінде қателесу арқылы адамдар үйренеді.

Тілші:
Шыныңызды айтыңызшы,  қатаң мұғалім болдыңыз ба?
Күнсұлу Шүкірова, Ақтаулық ұстаз:
Әрине, осыған дейін талапшыл мұғалім болғанымды мойындаймын. Курстан кейін үлкен өзгеріске келгенімді айтам.
Бағлан Елжанов, Түркістан қаласының мұғалімі:
Ескермей кеткен көп дүниелер бар екен. Мысалы, оқушының ішкі жан-дүниесін.
Мұғалімдер үшін ең бір жағымды жаңалық - үш кезеңдік курстың үшінші базалық деңгейінен өткен ұстаздардың жалақысына отыз пайыздық үстеме, екінші кезеңінен өткендерге - жетпіс, үшіншілерге - жүз пайыздық үстеме қосылады.
Күнсұлу Шүкірова, Ақтаулық ұстаз:
Мен қолыма сексен алып жүрсем, енді түсіне беріңіз.
Қолы қазан-ошағынан бір босамайтын ауыл ұстазы Тілеулес Кәрімова қырық жыл ұстаздық етті. Мектепке 22 жасында келген бойжеткен бүгінде маңдайына әжім түскен әже, ұлағатты ұстаз.
Тілеулес Кәрімова, Ақмола облысы, Талапкер ауылының мұғалімі:
Мектепте біз анасымыз, ал үйде өзінің анасы ғой. Ата-ана мен ұстаз біріксе, жеңбейтін ешқандай қиындық болмайды деп ойлаймын.
Міне, бізде осылай. Бір ұстаз таяқ жеп мектептен кетсе, басқалары шіріген картоптың дауына килігіп жатыр, енді бірі тар үйде тарығып отыр, ал, басқа бір топ мұғалім білімін жетілдіруде. Ал, оқушы ше? Оған сен өзіңнің тұрмысыңды түсіндіріп жатпайсың, беретінің - білім менен тәрбие. Ендеше, әр оқушы сол білімнің ошағы - мектепке мерекеге келгендей жасанып, жайнап келсін десек, алдымен ұстаздың қамын күйттейік.
Дина ТӨЛЕКОВА
22 апреля 2012, 22:39
1279

Комментарии

Рекомендую Вам побывать на сайте, с огромным количеством статей по интересующей Вас теме. Могу поискать ссылку.
За гранью дней торрент
Какие нужные слова... супер, отличная идея
мука в украине

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (52):

FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895