Бала – бауыр етің

«Еңкейген қарияларымыз аман болсын» деген тілекпен еңбектеген балалардың мәселесіне ойыссақ. «Көкек ана», «тасбауыр әке», тумысынан тірі жетім атанған «бейбақ сәби» мәселесі бүгінгі біздің қоғамның сыздаған бір жарасы. БАҚ осы мәселені жиі-жиі көтеріп, талқыға салған сайын, сол жара жазылмақ түгіл, асқынып барады.  Бельгия секілді кейбір елдерде жетімдер үйі жоқ деседі. Ал бізде перзентханалардан гөрі, жетімдер үйі көбірек. Қазақстанда қазір 154 балалар үйі бар. Ал жетімдер саны 94 мыңнан асады. Көкейді шерге бөлеп, шымбайға шоқ тастайтыны  сол  - шерменде балғындардың көбі өзіміздің қаракөздер. Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған ел едік, мұны да көрдік. Тасбауыр қоғам, тастанды сәбиді қажет етпеген соң Батыс Еуропа, АҚШ-тан қамқоршы әке-шеше табылып жатыр оларға. Жиырма жылда 8 мың бала шетел асыпты. Байлығын қорасындағы малымен емес, бауырындағы баласымен өлшеген қазақтың тағы бір қасіреті - ана мен бала өлімі жиіледі. Отандық медицина қанша жерден заман талабына икемделсе де, перзентханадан жөргекке емес, кебінбе оранып шығатын шақалақтар көбейді. Тіпті, жаңа туған нәрестенің жоғалып кететін оқиғалары да кездеседі.

Таныс болыңыздар, менің есімім Мәрия. Осы сейсенбіде дәретханада дүниеге келдім. Сондықтан болар, тумай жатып атым бүкіл елге мәлім болды. Жаныма бататыны, анам босанған бойда менен құтылғысы келді. Кіндігім кесілместен суық суда ұзақ жаттым. Бірақ, көрер жарығым бар екен, дәрігерлер дер кезінде келіп мені ажалдан апашалады.
Анаргүл Епенова, перзентхана меңгерушісі:
Роддомда 5 күн жатты. Қасында емізді баланы, құндақтап, киімін ауытырып анасы ретінде қыметін толық атқарып жатты. Сосын, пәтерім жоқ, баланы қарай алмаймын деп, тастап кетті.
Атыраулық Айнұр есімді келіншек Мәриям туралы естіген бетте Ақтауға келіп жетеді. Ұзақ жылдан бері нәрестеге зар боп жүрген ол шарананы асырап алғысы келді. Бірақ, келдің екен деп бере салатын бала зат емес. Заңның аты заң, алдымен тиісті құжаттар жиналып, келіншек пен жолдасы толық тексерістен өтуі керек. Оның үстіне Ақтауда 300-дей отбасы бала асырап алуға кезекте тұр.
Рахат Елизаров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:
Комиссияда қаралады. Ең алдымен біз облыс тұрғындарын бірінші ескереміз.
Біреу баласын тастай қашса, енді біреу баласын таппай жүр. Сәуленің шаранасын іздеп, шарқ ұрғанына 4 жылдың жүзі болды. Баласы өлді дегенге ана жүрек сенер емес. Толғақ кезінде қан кетіп, кейін ес жиған анаға дәрігерлер өлі баланың денесін береді. Бірақ, Сәуле бұған сене қоймай, баланың мүрдесіне Алматы мен Атырауда генетикалық сараптама жасатады. Жуырда шыққан қорытынды ананың күмәнін растады. Екі орталық мамандары мүрденің ерлі-зайыптыларға мүлде қатысы жоқтығын анықтайды.
Сәуле Бапаева, Атырау қаласының тұрғыны:
Дәрігерлердің өздерінің айтқан әңгімелері жалған болып шығып отыр. Апарған қыз баланың органдары ұл балаға тиесілі болып шықты. Тексере келе, екеуі екі  бөлек адамның органдары боп отыр.
Сонда Сәуленің нәрестесі қайда? Сәбидің не өлі, не тірі екені белгісіз - бала ізім-ғайып жоқ. Сонда қайда кетті? Жергілікті құқық қорғау органдарының қылмыстық істі жүргізгеніне 4 жыл болды. Бір рет істі тіпті жауып та тастады. Бірақ, жуырда сараптама «баланың мүлдем бөтен адамның баласы екенін» анықтаған соң, қылмыстық істі қайта ашуға мәжбүр болды.
Нұрлыбай Ашықбаев, Атырау қаласының тұрғыны:
Бейіттен алған баланың сүйегін сол бойда жасауға болады ғой тексетіп. Төрт жылға созбай. Отыз шақырым жерде тұратын адамдарды қанша жыл іздестіріп жүрді. Енді ғана қарап жатыр.
Ал Кәріпбековтер әулеті бір күнде екі бірдей етжақынынан айырылып, қара жамылып қалды. Наурыздың үші күні Марат толғағы қысқан әйелін перзентханаға алып барады. Ертеңіне қаралы хабар естиді. Әйелі мен перзенті операция кезінде қайтыс болыпты. Дәрігерлер марқұмның жүрегі шыдамады деген уәж айтады. Бұған отағасы сенбейді. Өйткені, бірнеше күн бұрын ғана әйелі медициналық тексеруден өткенде, аурудан құлан таза еді. Қазір істі прокуратура тексере бастады.
Марат Кәріпбеков, марқұмның жолдасы:
Өздері кінәлі болмаса, неге маған 600 мың теңге әкеліп береді. Айтыңызшы. Дәрігерлер ауруханадан әкеліп «Марат аға, алыңыз» дейді. Мен айтам, мен не істеймін 600 мың теңгеніңізді деп.
Дәрігерлердің берген 600 мың теңгесі әйелі мен сәбиінің орнын толтырады ма? Анасыз қалған төрт бірдей сәбидің сағынышын басар ма?
Аят Кәріпбеков, марқұмның ұлы:
Бір ай болды анамыздың жоқтығына. Ең қиыны мына кішкентай ініміз мама қайда деген кезде не деп жауап беретінімді білмейміз. Әлі дәрігерде, кішкентай бөпемен келеді деп айтамыз.
Нұргүлдің бойына сәби біткенде, қос ғашық «көп балалы отбасы боламыз» деп армандаған болатын. Көп ұзамай бұл арманның күл-талқаны шықты. Ай-күні жетіп, перзентханаға босануға барған Нұргүлге тиісті көмек көрсетілмей, баласы шетінеп кетеді. Сорақылығы сол, дәрігерлер оған айтпай, жатырын кесіп тастайды.
Нұргүл Мусина, Павлодар облысы, Ақсу қаласының тұрғыны:
Плацент жарылып кетті. Егер дер кезінде мені дәрігерлер қабылдап, отаға сразу апарғанда, мүмкін жатырым да алынып тасталмас еді. Балам да аман қалар ма еді.
Ана болу құқығынан айырылған келіншек дәрігерлерді сотқа беріп, жеңіп шықты. Сот бала өлімі фактісі бойынша аурухана дәрігерлерін кінәлі деп тапты. Десе де, бір емес, екі адамның тағдырын талқан еткен әлгі дәрігерлер әлі жұмыс істеп жүр. Аурухана науқасқа 2,5 миилион теңге моральдық шығын төлейтін болды.
Соңғы кезде мұндай фактілер неге көбейіп кетті? Ана мен бала өлімі неге азаймай отыр? Елімізде тірі туылған сәбидің әрбір төртіншісі шетінеп кетеді екен. Экология, әйелдің денсаулығының жоқтығы, екіқабат кезінде күтінбеуі, дер кезінде дәрігерге қаралмауы, ауылдық жерлерде озық медициналық аппарттардың жоқтығы, сондай-ақ, дәрігерлердің жұмысына салдыр-салақ қарауы басты себептердің бірі деседі.
Нұржан Отарбаев, «Ана мен баланы қорғау» орталығының медициналық істер бойынша директоры:
Инновация керек. Мамандар тапшы. Осыны нәрсені қолға алу керек.
Қазір ана мен баланың денсаулығын өлімін азайту мақсатында республикалық штаб құрылды. Штаб жұмысын Денсаулық сақтау министрі өзі тікелей бақылауға алған.
Ажар Төлеуғалиева, Денсаулық сақтау министрлігі, медициналық көмек беру департаменті директоры:
Бала өлімі босын, ана өлімі болсын, республикалық штба үнемі қадағалап отырады. Сол жерге республикалық деңгейдегі мамандар жіберіліп отырады.
Бұл тағы мен ғой, Мәрия. Қазір балалар үйіндемін. Мұнда мен сияқты балалар көп екен. Бірақ, бұл жер маған онша ұнамайды. Бір мейірімді жан табылып қалар деген үміттемін. Мама, мен сізді күтем. Тек, келіп, алып кетіңізші.
Дина ТӨЛЕКОВА
29 апреля 2012, 21:52
2913

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895