Қазақстан индустриялық даму жолында оң белестерді бағындыруда

2012 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспарын қабылдады. Оның алғашқы 5 жылдық кезеңінде индустрияландырудың жеделдетілген инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары қамтылған.

Бұл тұрғыдан келсек, елімізде өткен екі жарым жыл ішінде экономикалық құрылымының өзгеруіне септігін тигізген 443 жаңа өндіріс ошақтары ашылған, бұрын-соңды Қазақстанда өндірілмеген жаңа өнімдер шығарыла бастаған. Демек, жаңа сипаттағы индустрияландыру бағдарламасы өнеркәсіптің басты салаларының қарқын алуына тиімді жағдай тудырды. Жалпы есепте, алдағы бес жылға бағдарланған бағдарлама индикаторлары мерзімінен бұрын орындалып келеді. Мәселен, машинажасау саласындағы жалпы үстеме құн 169,4 пайызға, ал,  өндіріс көлемі 300 миллиардтан 500 миллиард теңгеге дейін өскен.
2010 жылмен салыстырғанда, жоғары шекті өнімді экспорттау екі есеге артты, ал, құрылыс индустриясындағы жалпы үстеме құн 160 пайыздан асты. Алдын ала болжамдарға қарағанда, отандық құрылыс материалдарының 80 пайызға дейін өсу көрсеткішіне мерзімінен бұрын қол жеткізілді. Қазірдің өзінде ол 67 пайызды құрап отыр.
Индустрияландырудың ұлттық экономикаға оң ықпалы бірден-ақ байқалуда. Өңдеу өнеркәсібі 7 пайызға дерлік артса, машинажасау 16,4 пайызға, фармацевтика 9,6 пайызға, жеңіл өнеркәсіп өсімі 11,5 пайызға теңесті. Металдық емес минералды өнімдердің өндірісі 7,6 пайызға артты. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өткен 6 ай ішінде «Индустрияландыру картасы» бойынша барлық кәсіпорындарда шығарылған өнімдердің құны 300 миллиард теңгені құраған. Алғашқы жартыжылдықтың өзінде-ақ елімізде 54 жаңа өндіріс орны енгізілген.  
Индустрияландыру бағдарламасы еңбек өнімділігінің артып, жоғары технологиялардың енгізілуіне, жаңа материалдардың шығарылуына айтарлықтай ықпалын тигізіп жатыр. Бизнесті ынталандыру мақсатында, кәсіпкерлікті дамытудың 100 қажетті тетігі ойластырылып, енгізілді.  Елдегі іскерлік белсенділікті арттыруға «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы да оң септігін тигізуде. Отандық кәсіпкерлікке 340 миллиард теңгеден астам қаржылық қолдау көрсетіліп отыр.
Жұмыспен қамту құрылымы да түбегейлі оң өзгерістерге ұшырады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Инженерлік-техникалық мамандықтарға сұраныс артып отыр. Диверсификациялық еңбек нарығының қалыптасуы қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға, олардың табыс табуына, яғни, бұрынғыдан әлдеқайда жақсы өмір сүруіне мүмкіндік берді. Ірі, орташа және шағын бизнестің 3500-ден астам кәсіпорны жаңаша қарқынмен дамыды. Нәтижесінде, Қазақстан «Doing Business» халықаралық рейтингінде 58-ші орыннан 47-орынға көтеріліп, өз позицисын арттырды. Өңірлік және халықаралық маңызға ие инфрақұрылымдар іске қосыла бастады. Атап айтқанда, Қытаймен шекарадағы аса ірі «Қорғас» сауда-логистикалық хабы, «Жетіген-Қорғас» теміржолдары қазақстандық тауарлардың Азия мен Таяу Шығыс елдерінің нарығына шығаратын көпір қызметін атқарып, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін әлдеқайда арттырды.
13 июля 2012, 13:12
1208

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895