Error: «Қазақы келбет not found»...

Алдымен, сонша қағілездікті талап етпейтін ойша тәжірибе. Еуропеид келбетті, айталық орыс баланың - ауылдың ішінде келе жатқан салт аттыға:

- Ассалаумағалейкүм, ата! - деп,алдынан жүгіріп шыққанын елестетіңізші.

Елестетудің өзі оғаштау көрінді ме? Әрине. Шартты қабылдау аппаратымыз сөзге сәйкесінше келбет талап етеді. Сондықтан ба, Кеннедиді ешқашан қаранәсілді сомдамайды, диюлардың ақырғанын - фальцет дауыс иесіне салғызбайды.

Бірақ қазақтілді мультимедиалық материалдар жұтаң болғандықтан, соңғы онжылдықта "икемдегіш" дизайнерлер Интернетте не кездессе - соны ала беретін болғаны рас. Мысалы, мектеп баласының әкесі ретінде, көптеген мектептердің сынып бөлмесіндегі стендтердің көбісінде мына сурет тұрғанына кепілдік беремін:

Қазақ мұғалім not found...

Иә - еліміздің екі түкіпірінде орналасқан, бірі бірімен байланысы жоқ екі мектепте тап осы "апай" мұғалиманы "сомдайды". Себебі, Интернеттен көшіре салатын "дизайнерлердің" таба алатыны жалғыз осы. Бұған қоса, балғындарға арналған кітаптарда қазақтың "рөлін" - неміс, ағылшын, француз балалардың сомдап жүргелі қашан! Қызық: егер мәтінді көрмесең, орысша кітап деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін.

Осы орайда қызық ой келеді. Сондай "икемдегіш" дизайнерлер неліктен ғана "Балапан" арнасының кейіпкерлерін алмайды екен? Бүлдіршіндер жүзтаныс боп, бауыр басып қалған кейіпкерлерін көріп ырза болатынына сенімдімін. Аяжан мен Елдосты, Санжар мен Қайсарды, одан қалды - Алдар көсе мен ондағы құжынаған кейіпкерлер, стенд жасауға әбден жарағаны былай тұрсын, бүлдіршіндердің назарын кәдімгідей аударады. Егер бұл есімдер сізге ештеңе айтпаса, қап-қап-қап, неткен қиянат - балаларыңызға "Балапан" арнасын көрсетпейтін болғаныңыз :) .

Мұны әсіре ұлтжандылыққа, оңшылдыққа балап қалмаңыздар. Шынымен, жүрдім-бардым жасалған көрнекі құралдар ашуыңды келтіреді-ақ. Мұны даңғаза десеңіз, мен сізге Наполеонның монологын оқып берейін. Еш гримсіз. Келбет пен мінездің сәйкессіздігінен шошып кетуіңіз әбден мүмкін :) .

Жалпы, балдырғандарға жаңа не бар деп, елегізіп жүретіндерге - сол арнаның твит-парағы әбден пайдалы екеніне бір нұсқап өтейін әңгіме аяғында.

5 августа 2013, 17:49
1341

Комментарии

Балапан телеарнасына жарнама :)
Жарнама болғанда ... енді коропоративтік блог қой )))

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895