«Ал мен — қазақпын!» — Әлем күткен жекпе-жек Ұлттық арнада!

Қазақтан шыққан әлем чемпионының жекпе-жегін «Қазақстан» ұсынады

 

3-қараша күні Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарден сарайында қазақтан шыққан даңқты боксшы, кәсіпқой бокста орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенстің жекпе-жегі өтеді. Күллі әлемнің бокссүйерлері асыға күткен осы шайқасты қазақстандықтар да көре алатын болды. Ондай мүмкіндікті «Қазақстан» РТРК» АҚ ұсынып отыр. Атап айтқанда, «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасынан көрсетеді.

Ия, кейбіреулер дау айтуы мүмкін, «Бәлкім қазақтан емес Қазақстаннан шыққан шығар...» деп. Алайда, ондайларға Генаның өз сөзімен жауап бере салуға болады.

«Мой отец - русский, мама - кореянка, а мен - қазақпын!». Тура осылай деген Гена күллі қазақстандықтар алдында.

Өзі осылай деп ағынан жарылып тұрған азаматты біз неге сыртқа тебуіміз керек.

Қазақ жерінде туып, әлемге танымал тұлғаға айналған спортшыларымыз жеткілікті.

Бірақ, олардың барлығы бірдей «Мен Қазақстанда туып едім, сол жерде бағым ашылып еді» деп жүрген жоқ.

Ал, Гена туған жері мен еліне барынша адал ұл. Атақ-даңқтың небір түріне қол жеткізсе де, ешқашан кір жуып, кіндік кескен жерін ұмытқан емес. «Мен Қазақстаннанмын» дейді. «Қазақпын» дейді. Әрбір жекпе-жегіне қазақтың шапанын киіп шығады. Қазақтың туын алып шығады.

Сондығы үшін оны барша қазақ жақсы көреді. Әрбір айқасын қалт жібермей, әрбір жетістігімен мақтанады.

Стивенс деген кім?

Сөйткен Генаны тағы бір маңызды жекпе-жек күтіп тұр.

Осы орайда, оның қарсыласы кім, әуселесі қандай деген сұрақ көптің көкейінде тұрғаны анық.

Кертис Стивенс. Майқұдықтан (Қарағанды қаласының ауданы) шыққан мықтының келесі қарсыласы осы. Америкалық. 1985 жылы 10-наурызда Нью-Йорктің Браунсвилл ауданында туған.

2004 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан ол екі жыл ішінде өткізген 13 кездесуінің бәрін жеңіспен аяқтаған.

Жеңілістің ащы дәмін алғаш 2006 жылы венесуэлалық Марк Премьермен өткен жекпе-жекте татқан көрінеді. Бірақ, артынша есе қайтарыпты. Бокстан кетуге бел буған кезі де болған. Артынша 2010 жылдан бастап рингке қайта оралды. Биылғы жылғы  Кертис Стивенстің соңғы кездесуі мексикалық Сауль Романмен өтті. Стивенс бұл жекпе-жекте қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды.

Кәсіпқой бокста барлығы 28 жекпе-жек өткізіп, соның 25-де жеңген. 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан. 3 рет жеңіліске ұшыраған.

Көріп отырғандарыңыздай, осал жігіт емес. Алайда, қазақ боксшысының жетістігі одан асып түспесе кем соқпайды.

Геннадий Головкин. 1982 жылы 8-сәуірде Қарағанды қаласында туған. Спорт шебері.

2000 жылы  жастар арасындағы Әлем чемпионы;

2001 жылы  ІІІ Шығыс Азиялық ойындардың чемпионы;

2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының чемпионы;

2003 жылы Бангкокта Әлем чемпионы атанды;

2004 жылы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері болды;

2004 жылы Пуэрто-Принсеседе (Филиппин) өткен Азия чемпионатында алтын медаль алды.

2006 жылы кәсіби боксқа кетіп, 2011 жылы WBA, IBO дәрежелері  бойынша Әлем чемпионы атағын қорғады.

Кәсіпқой рингтегі 27 кездесуінің барлығында да жеңіске жеткен, оның 24-ін нокаутпен аяқтаған.

 

«Головкин, қош айтыса бер»

Әлемнің спорт сарапшыларының барлығы дерлік бұл жекпе-жекте Стивенстің мүмкіндігі тым аз деп болжауда.

Ал, Кертис Стивенстің өзі болса, Генаны әлдеқашан «жерлеп» те қойған. Ия, тура мағынасында солай. Головкинді жеңетіні туралы бұған дейін де бірнеше рет жариялап үлгерген Кертис Стивенс Геннадий Головкиннің «жерлеу рәсімін» ұйымдастырды. Ол ғаламторға «Жатқан жерің жайлы болсын. Ол өте жақсы адам еді» деген жазуымен Головкинді «жерлеу рәсімінің» суретін жариялады. Осылайша, қарсыласының жүйкесіне тигісі келген сыңайлы.

Тағы бірде ол туиттеріне: «Головкин, қош айтыса бер», деп жазды. Әрине онысы «Бокспен қоштаса бер. Сенің дәуренің бітті» дегені.

Алайда, Головкинге дәл осындай дөңайбатты бұған дейін талай боксшы көрсеткен. «Мұрынын бет қыламын. Еденді иіскетемін. Сұлатып саламын» деген сынды мәлімдемелерді жасаған талай-талай мықтының мысы алғашқы раундтарда-ақ басылып қалғанына әлем жұртшылығы куә. Сондықтан да, Стивенс расымен де сөзінде тұратын мықты ма, жоқ па оны ринг көрсетеді, дейді мамандар.

 

«Бұл жекпе-жекте міндетті түрде нокаут болады»

«Бұл жекпе-жекте міндетті түрде нокаут болады. Ол мені немесе мен оны. Бұл бокс, алайда мен Стивенсті сұлатуды қалаймын», - дейді Головкин.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы қарсыласының кездесу алдындағы әрекетіне өз көзқарасын білдірді. «Стивенс көп сөйлейді, бірақ айтқандары сандырақ. Оның әрекеті күлкілі. Мен өз қабілетімді рингте көрсетемін. Ол бұл әрекеті арқылы беделін көтеруді ойлайды. Менің күшім жеткілікті, оны сеземін. Мен шаршы алаңда оған нағыз төбелесті көрсетемін», - деді Головкин.

 

Сонымен, Әлем чемпионы атағы үшін болатын жекпе-жекті қарашаның 3-і күні Астана уақытымен сағат 07.45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы тікелей эфирде ұсынады.

Суреттер Г.Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды.

21 октября 2013, 15:16
3176

Комментарии

Жерлесімізге табыс тілеймін, 3 қарашада сағат 07.45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасынан көруге асығамыз.Барша қазақ баласын Генамызға болысуға шақырамын.
Бокс кешінің басқа кездесулері көрсетіле ме?

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895