Корей, түрік сериалдарының орнына тағы бір телехикая

Осы аптада үй шаруасында отырған келіншектерге, апа-әжелерге соққы болып тиген «жағымсыз» жаңалық - корей және түрік сериалдарын сатып алу тоқтатылатыны туралы ақпарат жарияланып жатқан тұста «Қазақстан» Ұлттық арнасында тағы бір отандық телехикаяның тұсауы кесілді.

16 сериядан тұратын «Ауыл сақшысы» телехикаясы - учаскелік полицей туралы детектив.

Қысқаша сюжет

Қатардағы тексерумен қаладан ауылға келген жас полиция қызметкері аяқ астынан ауырып қалған бұрынғы полиция қызметкерінің орнына қызмет атқаруға мәжбүр болады.

Жас полицей ауыл тіршілігімен мүлдем таныс емес. Мұндағы тұрғындардың әкімдіктегі шенеуніктермен қалыптасқан қарым-қатынастарының ерекшеліктерін де түсінбейді.

Бұл қарым-қатынастарды қалыптастырушылар басшыға бас ұруға һәм жемқорлыққа бой алдырған. Ол осы «дәстүрлерді» өзгертуге тырысады. Ал, ауыл тұрғындары оның бұл әрекетіне тосырқай қарайды...

 

Бас кейіпкер


Бас кейіпкердің образы қазір қоғамда қалыптасқан тәртіп сақшыларының образынан мүлдем бөлек. Жас полицей – полиция мектебінің түлегі, заң мен әділдіктің салтанат құруына сенетін идеалист. Ол арықша келген (әдетте полицей дегенде көзімізге бұғағы салбыраған, жуан адамның елестейтіні рас қой), білімді, адал, бірбеткей жан. Сондай-ақ оның француз кухнясына қызығушылық танытатыны бар және күнделік жазуға әуес болады.

 

Екінші рөлдегі кейіпкерлер

Ауыл медбикесі.

Қалаға баруды армандайды. Барлық жоспарын сол арманына байланысты жүзеге асырады. Бірақ, сериалдың желісіне байланысты бойжеткен жаңа келген учаскелік полицейге ғашық болады.

Барымташы – учаскелік полицейдің жауы, атышулы қылмыскер.

Ауыл әкімі – қу және пайдакүнем адам. Кез-келген өзгерістерден қорқады.

Осы және басқа да кейіпкерлер арқылы сериал барысы дами береді. Барлық кейіпкер жаңа инспектордың тағдырымен тілкелей байланысты болады.

 

Сериалдың ерекшелігі

Бұл жобаның қан-жоса төбелестерге, атыс-шабысқа толы криминалдық детективтерге қарағанда тәрбиелік мәні зор болуына назар аударылған.

Мейірімді полицей қылмыс орнында кәсіби борышын орындап қана қоймайды, сонымен қатар қарапайым тұрмыстық жағдайларға да өз септігін тигізіп отырады.

Топтама бір жағынан тұрғындардың учаскелік полицейге деген сенімін қалыптастырса, екінші жағынан бас кейіпкердің қоғамдағы әріптестеріне, қазіргі полиция қызметкеріне қандай болуы керектігін көрсетіп, үлгі болмақ.

Жобаның сценариін жазған: Бейбарыс Жұманиязов. Режиссері: Сәбит Құрманбеков. Музыкасын жазған: Айдос Сағатов. Продюсері: Виктор Климов. Ауыл сақшысы рөлін Дәурен Серғазин сомдайды.

 

Телехикаяны «Қазақстан» Ұлттық арнасынан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:30-да көре аласыздар.

     
15 ноября 2013, 18:01
3627

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895