«Қазақстанда» — «Әпке»

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендеріне тағы бір отандық телехикаяны ұсынбақ.
Ол - көпсериялы «Әпке» мелодрамасы.


Заманымыздың заңғар жазушысы Дулат Исабековтің «Әпке» драмалық шығармасы еліміздегі ес тоқтатқан баладан еңкейген кәріге дейін сүйіп оқитын шығармалардың бірі. Туынды өткен ғасырдың 80-жылдары, Кеңес заманында өмірге келсе де қазақ қоғамы үшін өзектілігін әлі де жоғалтпаған. Жаңа сериал сол шығарманың желісі бойынша түсірілген.


Картинада ата-анасынан ерте айырылған бір отбасындағы бес баланың басқа түскен сан түрлі қиындыққа мойымастан, өмірден өз орындарын тапқаны баяндалады. Бір ата, бір анадан туса да мінездері әрқилы ұл-қыздарды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бағып-қаққан шаңырақтың үлкені - Қамажай (Әпке) бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, артынан ерген іні-сіңлілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан. Бауырларына әке-шешесін жоқтатпаған  Әпкенің еңбегі еш кетпейді.


Қамажайдың іні-сіңлілерінің әрқайсы өз алдына бір төбе десек те шаңырақтың бары да бағы да -  олар өзара "Мама" деп еркелей атайтын үлкен Әпкелері. Тіпті анасынан ес білмейтін сәби шағында айырылған кенже бауыры Ермек Қамажайды шынымен де өзінің туған анасы деп есептейді.


Отбасындағы Қамажайдан кейінгі бала -  ғылым кандидаты Омар. Оқудан басқаны ұмытқан біртоға мінезді, қой аузынан шөп алмас, ақкөңіл азамат.


Қамажайдың Омардан кейінгі бауыры - Темірбек-Тимур, еті тірі, ерте жастан еңбекке араласып ысылған епті жігіт. Аздаған қызбалығы бар. Әдемі киінгенді, қыдырыс пен той-томалақта көңіл көтергенді ұнатады. Солай бола тұра Тимур -Қамажайдың сүйеніші, отбасында табыс табатын жалғыз адам.

Назила -үйдің еркесі. Қамажай отбасындағы өзінен кейінгі жалғыз қыз болғандықтан да  "Өзім көрмеген қызықты сол көрсін", деп бетінен қақпай өсірген қыз. Назила Тимурмен тете өскендіктен болар, жиі сөзге келіп қалады. Шет тілі факультетінің студенті. Отбасында әпкесінің қолқанаты, жетімдер үйінде өскен құрбысы Гауһардың қамқоршысы болғанды өзіне борыш санайтын ақкөңіл жан.

Телехикаяны жақында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалайсыздар.

27 ноября 2013, 0:25
4228

Комментарии

Барша Әпкелерге арналғандай екен. Көріп жүрмін.Спектакльде актерлер тар сахнада қалай ғана осыншама қайшылықтарды сыйғызып көрерменге бере білген?! Дулат Исабеков қазақ қыздарына,қазақ әйеліне алтыннан ескерткіш қойып тастапты ғой баяғыда-ақ...

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания телеканал «Қазақстан»

Телеканал «Казахстан» занимает ведущие позиции в создании телевизионных развлекательных программ, документальном и художественном кинопоказе. Это один из лидеров в информационно-коммуникационном пространстве страны.

 

Сотрудники:

Akparat
avesta_kaz
red13
TRK_kaz

Поклонники (53):

freetonik
FrozenKing
Samson
usermail129125176754229912
svant
korerman
Arsik
Tengry
raimkhan
ice-berg
Kar-kyzy
Glue
gozik
Meiram001
eBek
Santa2013
smerch
qyrmyzy
mbaiserke
SKYFALL
senat_kaznu
uservk7279268
Akparat
potrebitelkz
gulnur_kakimzhanova
mussatayeva
bafana
Meiji
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
elyamel
tolubarman
niyazov
AlenaLee
yuliya1987
daur_s
nuraga1990
it_journalist_sdu
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
AlmasMyltykbayev
msh
orambaeva
info-center
BeYnekz
usermail4965683541042127324
tima_timba
Oryngul
aldabergen
sharapat2895